Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ
    Айғақ TV

    ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.08.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысатын азаматтар үшін тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталды. Қайтарымсыз негізде берілетін бұл әлеуметтік қолдау ипотекалық несиенің бастапқы жарнасының бір бөлігін өтеуге арналған. Сертификат мөлшері ипотека сомасының 10 пайызына дейін, бірақ 1 миллион теңгеден аспайды. Бағдарлама Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектігі бар азаматтарға, көпбалалы аналарға және заңда белгіленген өзге де әлеуметтік санаттарға қолжетімді. Бүгінде Шымкент қаласында тұрғын үйге мұқтаж ретінде 96 мыңнан астам азамат есепте тұр. Баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Апта сайын кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілті табысталып келеді. Ал жыл соңына дейін  7386 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс істейтін жастарды қолдау бағдарламасы да өз нәтижесін беруде. 2019-2025 жылдар аралығында 3849 жас жалдамалы баспанамен қамтылды. Қазіргі таңда жалдау мерзімі аяқталған 890 қатысушының пәтерлерін босату және оларды келесі үміткерлерге беру жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы тұрғын үй қорында 10 мыңнан астам жалдамалы пәтер тіркелген. Сонымен қатар жалдау ақысын уақытылы төлеуді бақылау күшейтілген. Қазіргі таңда берешегі бар 209 азаматқа қатысты сот орындаушылары өндіріп алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғын үй сертификатын алу үшін өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы алты айдағы орташа айлық табысы белгіленген талапқа сәйкес болуы қажет. Яғни, табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Биыл бұл көрсеткіш 157 мың 638 теңгені құрайды. Тұрғын үй сертификаты – баспана алуға ниетті азаматтар үшін маңызды мемлекеттік қолдау тетіктерінің бірі. Бағдарлама бастапқы жарна жүктемесін жеңілдетіп қана қоймай, әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың баспаналы болуына мүмкіндік береді. Сондықтан талапқа сай келетін азаматтар белгіленген мерзімде құжаттарын тапсырып, мемлекеттік қолдауды пайдалана алады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.