
Жаңа қонысқа ие болған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Көпбалалы ұлы мен келінінің баспаналы болғанына қуанған тұрғын Нават Исаева бұл күнді ұзақ күткендерін айтып, ризашылығын білдірді. Ол елде әрдайым тыныштық пен береке болып, әр шаңыраққа осындай қуаныш бұйырсын деген ақ тілегін жеткізді. Жаңа пәтерге қол жеткізген отбасылар үшін бұл күн – жаңа өмірдің жарқын бастауы.

