Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА
    Айғақ TV

    ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.07.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың қуанышы еселенді. Биыл тұрғын үймен қамту жұмыстары қарқын алып, мыңдаған отбасы баспаналы болуда. Жыл соңына дейін тағы 4 668 пәтер пайдалануға беріліп, тұрғын үй кезегінде тұрған мыңдаған азаматтың арманы орындалады.

    Шымкентте тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Қала әкімі  Ғабит Сыздықбеков қатысқан салтанатты рәсімде 30 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Жалпы 2026 жылдың соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған 7 386 азаматты баспанамен қамту жоспарланған. Оның ішінде 2 818-і жалдамалы, ал 4 568-і несиелік бағыттағы пәтерлер. Бұл бастама тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

    Жаңа қонысқа ие болған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Көпбалалы ұлы мен келінінің баспаналы болғанына қуанған тұрғын Нават Исаева бұл күнді ұзақ күткендерін айтып, ризашылығын білдірді. Ол елде әрдайым тыныштық пен береке болып, әр шаңыраққа осындай қуаныш бұйырсын деген ақ тілегін жеткізді. Жаңа пәтерге қол жеткізген отбасылар үшін бұл күн – жаңа өмірдің жарқын бастауы.

    Жыл басынан үшінші мегаполисте 2 718 пәтердің кілті табысталды. Оның ішінде 1 710 отбасы несиелік баспана  болса, 1 008 отбасы жалдамалы пәтермен қамтылған. Шымкентте баспанамен қамту жұмыстары қарқынын бәсеңдеткен емес. Апта сайын жаңа пәтерлер пайдалануға беріліп, тұрғындарға салтанатты түрде табысталуда. Нәтижесінде мыңдаған отбасының тұрғын үй мәселесін кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.