Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ
    Айғақ TV

    БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.06.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін орындардың бірі – лагерь. Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайындағы «Қызық Life» жазғы демалыс орталығы биыл да оқушыларға есігін айқара ашты. Үшінші жыл қатарынан жұмысын жалғастырып келе жатқан лагерьде балалар жаңа ортамен танысып, демалыс уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуде.

     Мемлекет басшысы жас ұрпақтың уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуін қамтамасыз ету, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өткен болатын. Осы мақсатта әрбір баланың тегін үйірмелерге қатысуына, спортпен шұғылдануына және қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасалуда. Президент бастамаларын жүзеге асырып отырған №2 Оқушылар сарайы биыл да жазғы лагерь жұмысын қайта бастады. Осы уақытқа дейін мыңнан астам баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берген орталықта биыл да сұраныс жоғары. Қазіргі таңда бір ауысымда 200 ден астам оқушы қабылданған.

    Лагерьде балалардың сапалы демалысы мен жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Мұнда оқушыларға арналған 15 түрлі үйірме жұмыс істейді. Балалар өз қызығушылықтарына қарай күніне үш үйірмеге дейін қатыса алады. Әсіресе мұнда робототехника, жүзу, фитнес және би үйірмелеріне қызығушылық жоғары. Айта кетейік, еліміз бойынша балалар жазғы демалыс кезеңінде өздерін қызықтырған бірнеше үйірмеге қатыса алады. Алайда бір тегін үйірмеден бөлек қосымша екінші немесе үшінші үйірмені таңдаған жағдайда, оған белгілі бір мөлшерде ақы төленеді. Мұндай жобалар оқушылардың жазғы уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың жаңа қызығушылықтарын ашуға, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Балалардың уақытын көшеде бос өткізбей, пайдалы іспен айналысуы – әрбір ата-ана үшін үлкен қуаныш.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.