Шымкент қаласының Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ардагерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, жас полиция қызметкерлері мен «Жас сақшы» сыныбының оқушылары қатысты. Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдылық пен тәртіпті сақтау, қоғам сенімін арттыру мәселелері талқыланды. Ардагерлер адал қызмет пен жауапкершіліктің маңызына тоқталып, жас мамандармен тәжірибе алмасты. Іс-шараның басты мақсаты – жас буынның бойында адалдық, әділдік және кәсіби әдеп қағидаларын қалыптастыру.
ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...











