Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА
    Айғақ TV

    ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.05.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл күн – ел тарихындағы ең маңызды әрі тағылымы терең мерекелердің бірі. Бейбіт өмір мен еркіндік жолында жанын қиған батырлардың ерлігін ұлықтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеуге бағытталған маңызды дата. Салтанатты рәсім Абай саябағы аумағында орналасқан Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қаһармандарға арналған Даңқ мемориалы алдында өтті. Шара барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, тыл ардагерлері, қоғам өкілдері, жастар және қала тұрғындары жиналып, майданда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, боздақтарды еске алды. Одан кейін мемориалға гүл шоқтары қойылып, Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігіне деген шексіз құрмет көрсетілді. Жиналғандар Жеңіс күнінің тарихи мәніне тоқталып, оның тек мереке ғана емес, бейбітшіліктің бағасын ұғындыратын, өткенге тағзым ететін маңызды күн екенін атап өтті.

    Шара барысында соғыс және тыл ардагерлерінің ел дамуына қосқан үлесі ерекше айтылып, олардың ерлігі мен еңбегі жас ұрпақ үшін мәңгілік өнеге екені жеткізілді. Қала тұрғындары Жеңіс күнінің ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ел бірлігін бекемдейтін ерекше күн екенін баса айтты. Айта кету керек, өткен жылы Шымкент қаласындағы Ұлы Отан соғысының соңғы ардагерлерінің бірі өмірден озған болатын. Осыған байланысты бүгінгі буын мен майдангерлер арасындағы тікелей байланыс үзілгенімен, олардың ерлігі халық жадында сақталып, кейінгі ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алуда. Бұл тағзым рәсімі – қаһарман сарбаздардың ерлігіне деген терең құрметтің айқын көрінісі болып, тарихи жадыны сақтау мен бейбіт өмірдің қадірін ұғындырудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.