• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Олжас Бектенов: — Былтыр 700 шақырым су арнасы қайта жаңғыртылса, биыл тағы 986 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 4 су қоймасы жаңартылды, осы жылы тағы да төрт нысанды жаңарту жұмыстары және 3 жаңа су қоймасының құрылысы басталады. Су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспарына негіз болатын сегіз бассейндік жоспарды әзірлеу аяқталады.

💬Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін еліміздің су-энергетика ресурстарының картасы әзірленеді.

Суды үнемдеу мәселесі басым бағыт болып қала береді. Бүгінде суармалы жерлердің үштен бірінен астам бөлігі су үнемдеу технологияларымен қамтылған. Нәтижесінде өткен жылы 847 млн текше метр суды үнемдеу мүмкін болды. Алдағы уақытта жыл сайын қосымша 150 мың гектарға жуық алқапты қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте Су ресурстары және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің алдында көрсеткіштердің әдейі бұрмалануына жол бермеу міндеті тұр.
Сондай-ақ туристік саланы дамыту үшін Үкімет қабылдап жатқан шараларға назар аударылды. Ағымдағы міндеттер мен басымдықтарды ескере отырып, туристік саланы дамытуға арналған Кешенді жоспардың өзектілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да атап өтілді.
Салада бірқатар ірі жоба жүзеге асуда. Мәселен, Алматы тау кластерінің қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа нысандар салу жұмыстары, соның ішінде заманауи шаңғы курортының жобасы басталды. Қазіргі таңда 17 көтерме жол және 53 шақырым трасса жұмыс істеуде. Қосымша 46 көтерме жол мен 221 шақырым трасса іске қосылады. Құрылыс-монтаж жұмыстары көктемде басталады.
Биыл Қатонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталады. Ол осы өңірлерде туризмді дамытуға қосымша серпін береді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

Айғақ медиа
24.09.2026
0

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл қала бойынша 1300-ден астам азаматты әскер қатарына жіберу жоспарланған. Қазірдің өзінде 340-қа жуық жас...

АСПАНДАҒЫ ӘСЕМДІК, ЖЕРДЕГІ ҚАУІП

АСПАНДАҒЫ ӘСЕМДІК, ЖЕРДЕГІ ҚАУІП

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкент қаласы аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Тиісті ережелерді сақтамау өрттің шығуына, адамдардың жарақат алуына және тұрғындардың тыныштығының...

120 КӨЛІК АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

120 КӨЛІК АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкентте жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты рейдтер күшейтілді. Жыл басынан бері қалада ережені өрескел бұзған 9 кортеж...

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНА – ЖАҢА ҚАРҚЫН: ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРУДА

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНА – ЖАҢА ҚАРҚЫН: ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРУДА

Айғақ медиа
23.09.2026
0

ның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұрғындарды баспанамен қамту, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту...

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫ – СПОРТТА ДА КӨШ БАСТАДЫ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫ – СПОРТТА ДА КӨШ БАСТАДЫ

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкент қаласының медицина қызметкерлері кәсіби саладағы жетістіктерімен қатар, спорттағы шеберлігін де танытып, республикалық деңгейдегі додада топ жарды. Қостанай қаласында медицина...

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Игі бастамаға қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдармен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.