Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ
    Айғақ TV

    САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.12.2025Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар еліміздің төрт өңірінен шақырылған. Бұл патриоттық сәтке олардың отбасы мүшелері, достары, сондай-ақ әскери бөлімнің жоғары басшылығы, ардагерлері қатысты. Толығырақ тілші тарқатады.

    Салтанатты рәсім бөлім аумағында әскери дәстүрге сай өтті. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан келіп, алғашқы дайындық кезеңін аяқтады. Әскери ант – олардың әскери өмірдегі ең маңызды әрі жауапты қадамдарының бірі.
    Ант қабылдау рәсіміне жауынгерлердің ата-аналары, әскери ардагерлер және бөлімнің жеке құрамы қатысты. Туыстары мен жақындары үшін бұл күн – балаларының азамат ретінде шыңдалып, Отан қорғаушы мәртебесін иеленгенін көрген ерекше сәт болды.
    Әскери ант – әрбір сарбаздың өміріндегі зор жауапкершіліктің бастауы. Ендігі жерде сіздер елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетеді деп сенеміз.


    Әскери борышын өтеу – әрбір ер азаматтың қасиетті парызы. Отан алдындағы антқа адал болып, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен жарқын болашағы үшін қызмет ету – нағыз ерлік пен жауапкершіліктің белгісі.
    Ант қабылдаған жас буын енді негізгі жауынгерлік даярлық кезеңіне кіріседі. Алдағы уақытта олар атыс дайындығы, тактикалық іс-қимыл, саптық жаттығулар және жауынгерлік міндеттерді орындауға қажетті басқа да әскери пәндерді меңгеретін болады.


    Бұл күн жас сарбаздардың ғана емес, олардың отбасылары мен жақындарының да жүрегінде ерекше естелік ретінде сақталары сөзсіз. Отан алдындағы парызын өтеуге бел буған жауынгерлерге қызмет жолында табыс пен береке тілейміз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.