Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
    Айғақ TV

    ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.12.2025Updated:19.12.2025Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған ұрпақтар, зиялы қауым өкілдері және Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары қатысты. Жиынның басты мақсаты – жеті атасын білу арқылы ұрпақ сабақтастығын сақтау және тарихи жадыны жаңғырту. Шежіре кітабын жарыққа шығару ісіне қоғам белсендісі, меценат Әсет Қайыпбек қолдау көрсетіп, демеушілік жасады. Тұсаукесер рәсімінде ел ағалары мен ақсақалдар жаңа кітаптың лентасын қиып, игілікті істің бастауына бата берді. Жиынға жиналған қонақтар ұрпақтарының бірлігі мен ынтымағын ерекше атап өтті. Шара барысында қатысушыларға арнайы дайындалған шежіре кітаптар үлестірілді. Ұрпақтар бұл еңбектің тарихи құндылығы мол екенін айтып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

    Қатысушылардың айтуынша, шежіренің қайта толықтырылуы – ұлт тарихына деген құрметтің бір дәлелі. 15 жыл бұрын жазылған еңбек бүгінде ұрпақ санының артуына орай кеңейтіліп, жаңа деректермен толықтырылған. Жиында ұрпақтар арасындағы байланыс, тәрбие және ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен сөз болды. Шараның жалғасы  ағаш отырғызу акциясымен толықты. Меценат Әсет Қайыпбектің демеушілігімен 30 дан аса шынар ағашы отырғызылды. Шараға қатысушылар «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұстанды. Қала аумағын көгалдандыруға бағытталған игілікті бастамаға зиялы қауым өкілдері де үлес қосты. Ағаш отырғызу – ұрпаққа қалатын аманат, табиғатқа деген жанашырлықтың белгісі екені анық.

    Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен акцияда келген жұрт бірігіп еңбек етті. Бұл шараның мақсаты тек шежіре шығару емес, қоршаған ортаға қамқорлықты насихаттайтын бастама екенін атап өтті. Ағаш көшеттері даңғыл бойына әсем көрік беріп, жаңа демалыс аймағына айналуға негіз қалады. Ақсақалдар алдағы уақытта да осындай шараларды тұрақты түрде жалғастыру қажет екенін атап өтті. Зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар бұл күнді ұрпақтар жадында сақталатын ерекше тарихи сәт деп бағалады. Олардың айтуынша, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ұйымдастырылған мұндай шаралар қоғамның бірлігін арттырады. Шежіре – өткенді түгендеп, келешекке бағыт беретін құнды мұра екені тағы бір мәрте дәлелденді. Рухани және  экологиялық мазмұндағы ауқымды жиын елдік ұстанымды нығайтқан игілікті іс.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.