• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БАҒАСЫ ӨЗГЕРДІ

28.07.2025
0

Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен танытуда музейлердің рөлі орасан. Алайда қазіргі экономикалық жағдайда олардың тиімді жұмыс істеуі тек мемлекеттік қолдауға ғана емес, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін нақты тетіктерге де байланысты. Соған орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты 36 мекеменің, соның ішінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ақылы қызметтер бағасын қайта қарады.
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы” РМҚК — еліміздің рухани астанасына келушілер үшін негізгі қызмет көрсетуші ұжым, Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын екені белгілі. Тарихи орындарға келушілер саны жыл санап артып, музей жұмысының ауқымы кеңейіп келе жатқанына қарамастан, соңғы жылдары қызмет құны өзгермеген.
2011 жылы қабылданған «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 140-бабына сәйкес, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмысы тек бюджет қаржысы есебінен емес, сонымен бірге өз кіріс көздері арқылы да қаржыландырылуы тиіс. Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы №354 бұйрығына сәйкес, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына ақылы қызметтерден түсетін табыс көлемі жылдық шығынның 30 пайызынан кем болмауы қажет.
Қазіргі таңда музей-қорықта ақылы негізде экскурсиялық қызмет, аудиогид қызметі, фото-видео түсірілім, тарихи-мәдени сараптама жүргізу, ақылы дәріс, лекция, квест, тренинг, т.б. ғылыми-мәдени шаралар өткізу сынды түрлі қызметтер ұсынылады. Бұл қызметтерден түсетін қаржы музейдің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, ғылыми-зерттеу мен мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады.
Алайда, осы қызметтердің бағасы бүгінге дейін көршілес елдермен салыстырғанда едәуір төмен болды. Мәселен, Өзбекстандағы Самарқан музейіне кіру құны шетелдіктер үшін шамамен 1640 теңге, ал Мәскеу қаласындағы Кремль музейінің билет құны – 7414 теңгеге дейін жетеді. Қырғызстан Республикасының мемлекеттік музейіне кіру – 1200 теңгеден асады. Яғни, Қазақстандағы музейге кіру құны ТМД елдеріне қарағанда бірнеше есе арзан.
Осы арада тағы бір маңызды фактор – инфляция деңгейі. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2015 жылдан 2025 жылға дейін елдегі тұтыну тауарлары мен қызметтер бағасы 2,6 есеге артқан. Музейді ұстауға кететін шығындар орта есеппен 4,6 есеге көбейген.
Осындай жағдайда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 4 шiлдедегi № 307-НҚ «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес музей-қорыққа кіру билетінің бағасы Қазақстан азаматтары үшін – 300-1000 теңге аралығында, шетел азаматтары үшін – 1500-2000 теңге, ұжымдық келушілерге экскурсиялық қызмет көрсету — 1000-5000 теңге көлемінде белгіленген. Бағалардың өзгеруі – келушілерге салмақ салу емес, музейдің сапалы қызмет көрсетуі мен тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы тиімділігін арттыруға бағытталған қадам. Туризмді дамыту, рухани құндылықтарды ұрпаққа жеткізу үшін музейлердің тұрақты дамуы аса маңызды. Бұл – бүгінгі күннің сұранысы.

“Әзірет Сұлтан” Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ІСКЕР ӘЙЕЛ — ІРГЕЛІ ҚОҒАМ

ІСКЕР ӘЙЕЛ-ІРГЕЛІ ҚОҒАМ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Әйелге мүмкіндік беру — оның арманына қанат бітіріп, тұтас қоғамның дамуына серпін береді.Нәзік жандылардың бойындағы осы әлеуетті қолдап, жаңа қадамдарға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.