Енді болашақ аналар сәбидің саулығын тексеру үшін айлап, апталап медициналық зерттеудің талдауын күтпей, “Бір күндік клиника” жобасы аясында 30-40 минутта қажетті талдаудың нәтижесін біле алады. Еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылатын бұл жоба , “№1 облыстық перинаталдық орталық” базасында да іске қосылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Бірінші және маңызды қадам — дәрігерге уақытылы бару және жүкті әйелді жүктіліктің 10 аптасынан кешіктірмей есепке алу, бұл болашақта уақытылы зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді.
Пренаталдық диагностиканың екінші қадамы жүкті әйелді бақылауды жүзеге асыратын дәрігерден жолдама алу және №1 Облыстық перинаталдық орталықтың Ұрықты сақтау орталығына бару болып табылады. Мұнда бір күнде сараптамалық кластағы аппараттарда ұрықтың скринингтік ультрадыбыстық зерттеуі жүргізіледі, содан кейін хромосомалық ауытқуларға тексеру үшін қан алу жүзеге асырылады.
Периниталдық скрининг, туа біткен ақаулар мен хромосомалық ауытқулардың қаупін бағалау — мұның барлығы бір күндік процедураға айналды. Бір күндік клиника – бір жерде, бір күнде перинаталдық диагностиканын барлық тексерулерінің жиынтығын өткізіп, нәтижелерін жылдам және нақты алуға мүмкіндік береді. Барлық диагностикалық процедуралар мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен тегін жүргізіледі.