• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Озық тәжірибе оңтүстікте жүзеге асады

28.01.2017
0
Оңтүстік Қазақстан облысы мамандарының Түркия Республикасында тәжірибе алмасуы жалғасуда. Анкараға барған оңтүстiкқазақстандықтардың бұл жолғы құрамында қаржы, жол құрылысы, энергетика, туризм салаларының мамандары мен БАҚ өкілдері, жалпы 22 адамнан тұратын делегация бар.
Бүгін Түркиядағы сапарлары туралы ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінің алаңына келіп өз ойларымен — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Көшеров, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшының орынбасары Қ.Тастанов, қаланың сәулетшісі Н.Архабаев бөлісті.
Олардың айтуынша, өңірден барған делегаттарды Анкара қаласы Мэры орынбасарының көмекшісі Юнус Алуч күтіп алып, қаланың тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайы туралы және алдағы даму жоспарларымен таныстырған. Сонымен қатар, оңтүстікқазақстандықтарды Анкара қаласының Мэры М.Гекчек пен Түркия Республикасының  Анкара қаласындағы Қазақстан елшілігінің  үшінші хатшысы  М.Отарбаев  қабылдаған.
Сапары барысында делегаттар «Дикмен» шатқалына, «Солтүстік Анкара» жобасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы және шатқалдарды абаттандыру барысын, көпқабатты тұрғын үйлердің сырт келбетімен танысты. Мамандар аралау барысында  Анкарадағы құрылыстың қысқа мерзімде және үш жолақты көшелердің құрылысы 5 ай мерзімде аяқталатынын жеткізді. Сонымен қатар, олар ірі өндіріс орындары шоғырланған   «Синджан»  индустриалды аймағында болып, бірқатар кәсіпорынның   жұмысын аралап көрген.
Өз кәсібін ашып, жұмысын дөңгелетем деген адамға «Cинджан» аймағында  жер  телімі сатылады. Билік  сол  қаражатқа инфрақұрылым тартып, кәсіпкерге 3 жыл мерзім береді.  Осы уақытта өзін көрсете алмаса, жер мемлекет меншігіне қайта өтеді екен. Бүгінде онда 6 экономикалық  аймақ бар болса, оларда 35 мың азамат еңбек етеді.   Туризмі дамыған және өнеркәсібі кеңге қанат жайған бұл елде жұмыссыздық жоқтың қасы дейді.
Брифингте сондай-ақ, спикерлер қоқысты да кәдеге жарататынын айтып, Анкарада күніне 15 мың тонна тұрмыстық қалдықты қайта өңдейтін 2 кәсіпорынның жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Сонымен қоса, олардың әрқайсысы сағатына 45 МвТ электр энергиясын өндіретінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, осы күндері облыстағы 15 дәрігер Анкара қаласында болып, онкология, кардиология, травматология, ана мен балаға медициналық жәрдем көрсету бағыттарында тәжірибе алмасып, біліктіліктерін жетілдіріп келді.
Айта кетейік, бұған дейін, өңірімізден өз саласының дамуына үлес қосқан білім, денсаулық және мәдениет салаларының қызметкерлері жалпы 110 адам Түркия Республикасында тәжірибе алмасып, білімін шыңдап келген болатын.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Оңтүстік Қазақстанда Универсиада алауы жағылды

Next Post

Подозреваемый в убийстве алматинского школьника уже имел проблемы с законом

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.