Үшінші мегополисте соңғы 4 жылда республикалық айтыс өткізілмеген деп мәлімдеме жасады Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы. Биыл қала аумағында 47 ауқымды ресми, мәдени іс-шара өткізу жоспарланған. Соңғы 6 айда 16 іс-шара өткізіліп, 30 000 ға жуық көрермен қамтылды. Басқармаға қарасты өнер мекемелерінде 3169 жиын өткізіліп, 1,5 млннан астам адам келген. Сондай-ақ, шаһарымызда мемлекеттік мерекелерден басқа кәсіби және атаулы даталар бойынша түрлі шаралар өткізілуде.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев соңғы 6 айда мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Қазіргі таңда Шымкент қаласына қарасты 6 театр, 6 кітапхана, 3 орталық, цирк, архив, музей мекемесі, Мәдениет үйі, Шымқала тарихи-мәдени кешені, Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы, «Шымкент концерт» концерттік ұйымы сияқты жалпы саны 2 383 штаттық бірлікті құрайтын барлығы 22 мекеме жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, 2024 жылы қала аумағында 47 ауқымды ресми, мәдени іс-шара өткізу жоспарланған. Жыл басынан бері «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңымен белгіленген мемлекеттік мерекелер: Халықаралық әйелдер күні, Алғыс айту күні, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күніне арналған ауқымды іс-шаралар тиісті деңгейде өткізілді. Ал, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қаламыздағы барлық білім беру ұйымдары, шығармашылық үйірмелері өнерпаздарының қатысуымен кең көлемде «Бала-Шым» фестивалі өтті.
Шаһарымызда соңғы 4-5 жыл көлемінде ақындар айтысы өткізілмеген. Осы орайда, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы республика күні мерекесі қарсаңында республикалық ақындар айтысын ұйымдыстыруды жоспарлаймыз деді.
Түркістан сарайына қарасты елдімекендерде 5 мәдениет үйі, 5 клуб жұмыс істейді. Олар қаланың әр ауданында орналасқан. Сондықтан Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы Түркістан сарайына қарасты мәдениет үйлерінің барлығын аудан әкімдіктерінің балансына беруді ұсынған болатын.
Бауыржан Орынтаев ономастика саласына тоқталып, қаламызда 281 көшенің атауы жоқ екенін анықтап, оларға дәстүрлі және жер су атаулары тізімінен алынған атаулар тізбесін дайындап жатырмыз деді.
Айта кетейік, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы брифингте қаладағы мемлекеттік мекемелерде тілдік ахуал тұрақты екенін мәлімдеді.