Жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды. Ол бойынша әр балаға 43 500 теңгеден беріледі. Шымкент қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру бойынша білім басқармасымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Биыл аталған акция шеңберінде 56 183 балаға көмек көрсету көзделіп отыр. Оған қазынадан 2 млрд 400 млн теңге бөлінген. 20 тамызға дейін барлық қаржы игерілетін болады.
— Бүгінгі таңда 3 406 балаға 156,7 мың теңге аударылды. Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін 30 мыңға жуық балаға қаржы аударылатын болады,-дейді, білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева.
Бұл көмек түрі мемлекеттік мектептерде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы негізінде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» жүзеге асырылады.
Ол көмекті нақты кімдер ала алады?
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға – 11 390
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға – 39 841
3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 399
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға – 0
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) – 4 553 Қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
Мемлекет тарапынан балаға бөлінген қаржыны ата-ана қалай жұмсайды?
Ата-ана 43 500 теңгені перзентінің мектепке қажетті кеңсе тауарлары мен киіміне жұмсайды. Сондай-ақ, алған затының түбіртегін көрсетуі тиіс.
Балаға білім беруде педагогтердің мәртебесі жайлы ерекше айтып өткен жөн. 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Мұғалім мәртебесі» туралы Заң қабылданды. Заң шеңберінде педагогтің мәртебесін арттыратын нақты тетіктер қаралған. Осы Заңның 6-шы бабында мұғалімге өзінің функционалдық міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту, жеке қаражаты есебінен мектепке қажетті безендіру сынды істерге ақша шығару жұмыстарына тыйым салынған. Заңнамалық тұрғыдан мұғалімдердің барлығы қорғалған. Одан бөлек, әрбір білім беру ұйымында меншікті нысанына қарамастан Әдеп кеңестері құрылған. Оның функциясы – ұстаз құқығының бұзылуына жол бермеу және өзінің де міндетін дұрыс атқару, мұғалім тарапынан педагогикалық әдепті бұзбау бойынша тиісті жұмысты жүргізу. Шаһардағы барлық білім ошақтарында аталған кеңес жұмыс істеп жатыр. Мемлекет тарапынан ұлағатты ұстаздарды қолдайтын түрлі конкурстар да бар. Одан бөлек водомствалық наградалар бар. Мәселен, өткен жылы ол «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» наградасымен толықтырылды. Салада 40 жылдан астам еңбек еткен, жетістікке жеткен ұстаздарға осы награда беріледі. Мұғалімнің мәртебесі, біріншіден, өзіне байланысты. Өзін ұстауы, кәсіби шеберлігі, баламен жұмыс істеп, одан нәтиже шығаруы, педагогикалық әдепті сақтауы — қоғамның ұстазға деген құрметін арттырады.
Үкімет соңғы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жеке мектептер санын көбейтуді қолға алды. Ол өз кезегінде үш ауысымды, апатты жағдайдағы мекьепьер санын азайтуға, білім бәсекесіне жол ашты. Мемлекеттік мектеп пен жеке білім ошақтарының айырмасы болмауы керек. Екеуі де ҚР білім беру туралы арнайы заңдарына сай бекітілген жалпыға бірдей білім берудің стандарттары бар. Соған сәйкес жұмыс істейді. Ол білімді көрсету үшін әр мектепте мектепішілік жоспарлары бар. Бұл ретте Шымкент қаласының білім басқармасы сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлесе жұмыс істейді. Басқармада бақылау функциясы болмағанымен, зерделеу, мониторинг жүргізу функциясы бар. Ал, департамент тікелей бақылайды. Яғни, департамент пен жауапты басқарма барлық мектептегі білімнің сапасы, жоспарға сай жүргізілуін ұдайы назарда ұстап отырады. Егер, жеке мектептерде білім беру жүйесі талаптарға сай болмаса, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік бақылау шараларын өткізеді. Оның ішінде профилактикалық және мемлекеттік аттестаттау шарасы бар. Мемлекеттік аттестаттау шарасынан мемлекеттік ұйымдармен қатар, жекеменшік балабақша, мектеп, колледждер де өтіп жатыр.
Балаларды ыстық тамақпен қамту жайы
Шымкент қаласы республика бойынша 1-4 сыныптарда меншік нысанына қарамастан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Мектептерде ыстық тамақты ұйымдастырып отырған кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңіске жетеді. Ал, қолданыңтағы Заңнама бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атану үшін сол жерде көрсетілген талаптарға жауап бере алуы керек.
Білім нысандарындағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша мегаполисте 2024 жылы 12 “Жайлы мектеп” бой көтереді. Ал бірінші сыныпқа 26 979 баланы қабылдау жоспарланып отыр.