Бүгін облыстық Жастар ресурстық орталығында өңір жастары ережесіз жекпе-жектен 4 дүркін Әлем чемпионы Ардақ Назаровпен кездесті. Спорттағы сайыпқыранмен болған жүздесуде еліміздегі бұқаралық спортты дамыту жайы талқыланып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және саламатты өмір салтын қалыптастырып, жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру жайы қаралды.
«Өскелең ұрпақ – Ұлы Дала мұрагері» атты отырыста спорт пен жастар, тәрбие мен иман, қоғам мен болашақ туралы сөз қозғалып, жастармен еркін сұхбат жүргізілді. Бүгінде жаттықтырушылық қызметін атқарып жүрген Ардақ Назаров қазақы мінез бен ұлттық қасиеттерді бойға сіңіріп жүрген спортшы жастарға тәрбиенің бастауы үлкендерге құрмет пен қарапайымдылықтан басталатынын айтып, оларды әдебиет пен тарихты зерделеуге шақырды.
Кездесу соңында жастар жақында тұсауы кесілген «Жанұя» толықметражды бейнефильмін тамашалады.
ОҚО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі
басқармасының баспасөз қызметі