50 елді мекеннен тұратын Бәйдібек ауданы 42% табиғи газбен қамтылған. Ал халықтың 98 пайыздан астамы таза тіршілік нәріне қол жеткізіпті. Бұл туралы салалық бөлімінің басшысы баяндады. Сондай-ақ, Жандос Азизханов “Ауыл-ел бесігі” жобасы аясында дамудың даңғыл жолына түскен ауданның бірқатар көшелері жарықтандырылғанын да атап өтті.
Түркістан облысында елді мекендерді таза ауыз су, жарық, газ, сапалы жолмен қамту мәселелері басты назарда. Осы орайда, Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ауданда соңғы 1 жылда атқарылған жұмыстарына оның ішінде, өзекті мәселелердің бірі болып саналатын табиғи газға арнайы тоқталды. Жалпы, аудан аумағында орналасқан 21 елді мекен яғни 29949 халық көгілдір отынмен қамтылса, ағымдағы жылы 21 нысанды оның ішінде (13 елді мекен, 1 мөлтек ауданына) газдандыру жұмыстары жүргізіледі. Оның 15-і өтпелі болса, 6-ы жаңадан басталды.
Бүгінгі таңда таза ауыз су мәселесі адамзат баласы үшін өзекті болып отыр. БҰҰ-ның дерегінше, дүние жүзінде миллиардтаған адам әлі күнге дейін таза ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да еліміздегі маңызды проблемалардың бірі су тапшылығы мәселесі екенін мәлімдеген болатын. Сондықтан, Президентіміз суды үнемдеу технологияларын қолға алуды тапсырған болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін Түркістан облысының халқын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында.
Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары және жолдар жөнделіп, көшелер жаңартылды. Айта кетсек, аудан аумағында жалпы пайдаланымдағы және елді мекендердің ішкі көше автомобиль жолдарының ұзындығы 937,3 шақырымды құрайды. Жоба аясында Ағыбет елді мекеніндегі ішкі көшелерін жарықтандыруға, Ақбастау елді мекеніндегі 11 көше мен Ақтас елді мекеніндегі 2 көше жолдарына жалпы 530 миллион теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, пайдалануға берілген. 2024 жылы «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында: Кеңестөбе елді мекеніндегі 9 көше мен Кеңсай елді мекеніндегі 3 көше жолдарына жалпы 541 миллион теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Елді мекендерді көгалдандыру басты назарда. Тіпті, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміз бойынша “Таза Қазақстан” акциясы ұйымдастырылған болатын. Басты мақсат- қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру еді. Ал, бастапқыда Президенттің тапсырмасымен 8 сәуір мен 13 мамыр аралығында жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе, азаймай тұр. Осы тұрғыда, Бәйдібек ауданынында қандай жұмыстар атқарылды? Салалық бөлімінің басшысы Жандос Азизханов толығырақ тарқатты.
Бәйдібек жылдан-жылға көркейіп, келбеті келіскен ауданға айналып келеді. Мұнымен қоса тұрғын үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлердің соғылып, тұрғындардың қоныс аударуы да ауданның дамуына ерекше серпіліс берері айқын. Десе де сол аудандағы 12 көпқабатты үйлердің қазіргі жағдайы көңіл көншіте ме?
Жалпы, Түркістан облысында инфрақұрылымының құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету, арттыру өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ауданда қандай жұмыстар атқарылуда?
Бәйдібек ауданы халқының тағы бір басты мәселесі жарықтың жиі сөнуі. Оған себеп бағаналардың тозығы жеткен. Осы ретте Жандос Азизханов бұл мәселе бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті.
Осыдан бірнеше күн бұрын облыс әкімі Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездескен болатын. Ондағы көтерілген мәселелердің бірі спорт кешенін салу. Ал өңір басшысы жалпы бюджеттің есебінен қаражат жетсе бұл сауалды қарастыратынын айтқан болатын.