Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»21 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН
    Айғақ TV

    21 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.08.2024Updated:05.08.2024Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    50 елді мекеннен тұратын Бәйдібек ауданы 42% табиғи газбен қамтылған. Ал халықтың 98 пайыздан астамы таза тіршілік нәріне қол жеткізіпті. Бұл туралы салалық бөлімінің басшысы баяндады. Сондай-ақ, Жандос Азизханов “Ауыл-ел бесігі” жобасы аясында дамудың даңғыл жолына түскен ауданның бірқатар көшелері жарықтандырылғанын да атап өтті. ‎

    Түркістан облысында елді мекендерді таза ауыз су, жарық, газ, сапалы жолмен қамту мәселелері басты назарда. Осы орайда, Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ауданда соңғы 1 жылда атқарылған жұмыстарына оның ішінде, өзекті мәселелердің бірі болып саналатын табиғи газға арнайы тоқталды. Жалпы, аудан аумағында орналасқан 21 елді мекен яғни 29949 халық көгілдір отынмен қамтылса, ағымдағы жылы 21 нысанды оның ішінде (13 елді мекен, 1 мөлтек ауданына) газдандыру жұмыстары жүргізіледі. Оның 15-і өтпелі болса, 6-ы жаңадан басталды.

    Бүгінгі таңда таза ауыз су мә­селесі адамзат баласы үшін өзекті болып отыр. БҰҰ-ның дерегінше, дүние жүзінде миллиардтаған адам әлі күнге дейін таза ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Осы орайда, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да еліміздегі маңызды проблемалардың бірі су тапшылығы мәселесі екенін мәлімдеген болатын. Сондықтан, Президентіміз суды үнемдеу технологияларын қолға алуды тапсырған болатын. Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін Түркістан облысының халқын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында.

    Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары және жолдар жөнделіп, көшелер жаңартылды. Айта кетсек, аудан аумағында жалпы пайдаланымдағы және елді мекендердің ішкі көше автомобиль жолдарының ұзындығы 937,3 шақырымды құрайды. Жоба аясында Ағыбет елді мекеніндегі ішкі көшелерін жарықтандыруға, Ақбастау елді мекеніндегі 11 көше мен Ақтас елді мекеніндегі 2 көше жолдарына жалпы 530 миллион теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, пайдалануға берілген. 2024 жылы «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында: Кеңестөбе елді мекеніндегі 9 көше мен Кеңсай елді мекеніндегі 3 көше жолдарына жалпы 541 миллион теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

    Елді мекендерді көгалдандыру басты назарда. Тіпті, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміз бойынша “Таза Қазақстан” акциясы ұйымдастырылған болатын. Басты мақсат- қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру еді. Ал, бастапқыда Президенттің тап­сыр­масымен 8 сәуір мен 13 мамыр ара­лығында жарияланған «Таза Қа­зақстан» республикалық эко­ло­гия­лық акциясы бүгінде жалпы­ха­лық­тық сипат алып келеді. Өйт­кені межелі уақыт біт­кенімен, көше та­за­­лығына атса­лы­самын деген ұжым­­дар мен ерік­ті­лердің қатары көбей­месе, азаймай тұр. Осы тұрғыда, Бәйдібек ауданынында қандай жұмыстар атқарылды? Салалық бөлімінің басшысы Жандос Азизханов толығырақ тарқатты.

    Бәйдібек жылдан-жылға көркейіп, келбеті келіскен ауданға айналып келеді. Мұнымен қоса тұрғын үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлердің соғылып, тұрғындардың қоныс аударуы да ауданның дамуына ерекше серпіліс берері айқын. Десе де сол аудандағы 12 көпқабатты үйлердің қазіргі жағдайы көңіл көншіте ме?

    Жалпы, Түркістан облысында инфрақұрылымының құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету, арттыру өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ауданда қандай жұмыстар атқарылуда?

    Бәйдібек ауданы халқының тағы бір басты мәселесі жарықтың жиі сөнуі. Оған себеп бағаналардың тозығы жеткен. Осы ретте Жандос Азизханов бұл мәселе бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті.

    Осыдан бірнеше күн бұрын облыс әкімі Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездескен болатын. Ондағы көтерілген мәселелердің бірі спорт кешенін салу. Ал өңір басшысы жалпы бюджеттің есебінен қаражат жетсе бұл сауалды қарастыратынын айтқан болатын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.