Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»БАРЛЫҚ САЛА БЮДЖЕТІ САРАЛАНДЫ
    Айғақ TV

    БАРЛЫҚ САЛА БЮДЖЕТІ САРАЛАНДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.07.2024Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ауылдағы денсаулық сақтауды жақсарту мақсатында облыста 49 нысан салу жоспарлануда. Осы саладағы материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 300 млн теңге қаржы қаралып отыр. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында айтылды. Кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысына 9 депутат қатысты. Облыста абаттандыру жұмыстарына жалпы 1,5 млрд теңге қаржы қарастырылған. Мұның ішінде, Келес ауданындағы абаттандыру жұмыстарына 131 млн теңге, Түркістан қаласындағы Саттарханов көшесін көгалдандыру жұмыстарының екінші кезеңіне 582 млн теңге, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған «Парасат» және «Астана» саябақтарына 10% қаржыландыру жергілікті бюджеттен бөлінген. Отырыста облыстағы маңызды мәселелер қаралып, барлық сала бюджеті сараланды. Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның жетекші университетімен Түркістан қаласында IT университетін ашу жоспарланып отыр.

    Отырыс барысында міндетті гигиеналық құралдарға бөлінген қаржы мәселесі қаралды. Балаларға арналған жөргектің бағасын сұраған депутат сауалына жауапты басшылар нақты бағасын айта алмай әлекке түсіп, жиын соңына дейін анықтаймыз деді. Одан бөлек «Біргөлік» демалыс аймағындағы су құбырларын жөндеу, Жангелдин көшесінің 4 жылдан бері аяқталмай келе жатқан құрылыс мәселесі де талқыланды.

    Жоғарыда айтып өткеніміздей жөргектің бағасын білмей әлек болған басшы уәде еткендей отырыс соңында депутаттар сауалына жауап берді. Дегенмен жауапқа қанағаттанбаған Төрегелді Қалмұратов облыстың бюджетін экономдау керектігін жеткізді.

    Түстен кейін жалғасын тапқан отырыста әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы бас қосты. Жиында барлық сала бюджеті сараланып, әлеуметтік сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар отырыс барысында облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу жайы талқыланды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.