Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы Шымкентте 20.892 қылмыстық құқық бұзушылық орын алса, бұл көрсеткіш Астана қаласында 39 727-ні құраған. Ал, Алматы қаласында 66 913 қылмыстық іс тіркелген.
Шымкенттегі қылмыстық құқық бұзушылықтың 60 пайызы ұрлық қылмысы болып табылады. Облыс орталығында ұялы телефондар ұрлығы осы қылмыс түрінің жартысына жуығын құраған.
Үшінші қаладағы бейнебақылау құрылғыларының көмегімен қала аумағындағы қылмыс деңгейі төмендеп, түрлі қылмыстық іс-әрекеттердің ашылу деңгейі жоғарылаған. Мәселен, 2015 жылмен салыстырғанда қала аумағында қылмыстық құқық бұзушылық саны 7,4 пайызға, өте ауыр қылмыстар 21,4 пайызға азайған. Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыстар 6,1 пайызға, ал, ауыр қылмыстар саны 26-9 пайызға төмендеген.