Әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын заң жобасы мақұлданғанына да екі айға жуықтады. Ол бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық, күш қолдану, балаға қол көтеру сынды әрекеттерге тосқауыл қойылады. Президент қол қойған Заң туралы «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы филиалындағы атқарушы хатшысы Жанар Бектаева пікір білдірді. Ол, гендерлік теңдік – ер мен әйелдің физио-биологиялық мүмкіндіктеріне қарай қызмет етуі дейді. Сонымен қатар, нәзік жандылар шағын Отанның отын жағып қана қоймай, ел дамуына да сүбелі үлес қосып келе жатқанын айтады. Шаһарда қоғаммен тығыз байланыс жасап, әлсіз тұсын айту арқылы тығырықтан шығаруға себеп болатын әлеуметтік комиссиялар мен партияның қолдауымен құрылған «Әйелдер қанаты» — азаматшалардың әлеуметтік, заңдық құқығын қорғауға көмек береді.
САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ
Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...










