• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ЕЛ АНАСЫ

21.05.2024
0

«Шуақты күндер» кітабымен оқырманға, батыр Бауыржан келіні атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметова шырайлы Шымкентке келді. «Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін» деген Зейнеп Әскербекқызын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Бақтияр Өнербаев күтіп алды. Құрметті қонақ алдымен даңқты атасының ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

«Қайырымды қала құндылықтары» жобасы аясындағы «Ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі» атты кездесуді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашты. Ел анасы жиналған көпшілікпен екі сағаттан аса емен-жарқын сырласып, естеліктері мен ғибратты, өнегелі әңгімелерімен бөлісті.
Жиынға мектеп оқушылары, қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, педагогтер мен өзге де сала қызметкерлері қатысты. Әсіресе, кездесуге келген жастардың қарасының көптігі қуантты.
Сырласу кешінде Зейнеп апа алдымен Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер айтты.
– Атаның келіні деген атақты көтеріп жүру оңай емес. Сосын осынша мақтау-мадақты мен өзімнен өткізіп, атаға айтылып жатыр деп қабылдаймын, – деп бастады Зейнеп апа әңгімесін. – Атамыз «Балам, ұлттық құндылықтарды, ұлттың қадір-қасиетін мен саған айтам, сен балаңа айтасың. Ол өзінің баласына айтады. Сөйтіп, бір әулетте қазақтың қадір-қасиеті сақталады» дейтін. Үстелді тарс еткізіп ұрып: «Көзіме тура қара. Алдыңда қазулы көр тұрса да шындықты айтқын. Жақсы адамның жақсылығын айт, бірақ жағымпазданба. Жаман адамның жамандығын бетіне бассаң да, жала жаппа. Қатарыңнан ассаң да, халықтан аспайсың, халықтың алдында басыңды иіп жүр» дейтін. Сол өсиетпен шамам келгенше ел-жұрттың алдында басымды иіп, үйде отырып-ақ, қазаққа, халыққа қарлығаштың қанатымен су сепкендей септігімді тигізіп, ұлттық рухтың өзегінен жастарға нәр беріп, солар білсе екен деп жүрмін. Былай қарағанда, кімге кім келін болмай жатыр. Небір атақты адамдардың келіндері бар. Бірақ, оларды ешкім де білмейді. Мені біледі. Көшеде кетіп бара жатсам таниды, суретке түседі. Соның бәрі менің ерекшелігім дейсіздер ме? Оның барлығы атаның биік рухы, қасиетті әруағы. Біраз жыл болса да, сол кісінің қолына су құйып беріп, шайын қайнатып, үлгі-өнегесін тыңдағанымның арқасы, сол кісінің сөздерін жастарға жеткізуге тырысқаным үшін ғана мені халық танып, біліп жатыр. Олай болса, бұл үлкен жауапкершілік… Аманат арқалаған адаммын дейтінім сол,– деді Зейнеп Ахметова.
Атаның келіні қазақтың біртуар ұлы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының жаназасы жайлы ел естімеген бір шындықты айтты.
Мұсылман баласы қайтыс болған шақта ең қысқа мерзімде жуылып, жаназа намазы оқылып, көмілу керек болса, батыр атамызды бұл дәстүрмен ақтық сапарға шығарып салу қиынға соққан.
– 1982 жылы Қазақстанда Ресей империясының құрамына қосылғанымызға
250 жыл толуына орай дүркіреген той өтті. Мен мұны «Бодандық тойы» деп атаймын. Оған КСРО-ның атақтыларының барлығы келді. Сол той өтіп жатқанда ата қайтыс болды. Ертесінде Қазақстанда РСФСР-дың мәдени күндері өтті. Сөйтті де ата 4 күн көмусіз жатты. Адам моральдық жағынан қалай жаншылады, қандай азап?! Құдай басқа салмасын. Қазір ойласам, әлі күнге жүрегім ауырады. Ол кезде Кеңес Одағының кезі. Біз араласа алмаймыз. Қазір болса, аулақ жүріңдер дейтін едік қой. Солай төртінші күні дегенде атамды жерледі. Бірінші Кеңсай деп аталатын жерде жоғары жағына, көкмайса гүлденген оңаша төбеге атам жалғыз қойылды, – деп еске алды Зейнеп Ахметова.
Бұл 1982 жылдың жаз мезгілі екен. Батыр жерленген күні Алматының ауа райы да құбылып, тосын мінез танытыпты.
– Атаны жерлеп жатқанда ауа райы күрт бұзылып, найзағай ойнап, қара бұлт үйіріліп, астаң-кестең болды. Әскери адам болған соң сарбаздар аспанға үш рет оқ атқан. Бәрі содан деп ойлады. Бірақ, меніңше, ол басқа тылсым дүние. Табиғаттың тылсым күші ме деймін. Алланың атаны төрт күн жатқызып қорлағанына кейігені ме, табиғаттың ерекше тосын мінезі ме, бір адам түсінбейтін құбылыс болды. Көпшілік қатты таңғалды. Оның алдында ғана күн ашық еді. Тосыннан бұзылды. Бұл басқа тылсым күш, – дейді жазушы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.