• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ — САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

02.05.2024
0

Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Спорт жастардың спорттық іс-әрекеттерінің жалпы жүйесінде маңызды рөл атқарады және бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын енгізудің пайдалы және көрнекі жарнамасы бола отырып, күшті үгіт-насихат қызметін атқарады.

«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Республикада салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде жыл сайын 1,2 млн адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адамды қамти отырып, барлық жас санаттарына бағытталған, әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Әсіресе, соңғы жылдары жүгіру, марафондар, велошерулер мен веломарафондар, Ironman, фестивальдер, отбасылық жарыстар, жаппай сырғанаулар танымал бола бастады.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2022 жылы VII Халық ойындары, IV Ауыл жасөспірімдері ойындары, «Қолжетімді спорт» жобасының II кезеңі, «Тұран Барысы» Азия кубогы, «Ұлы дала жорығы» бірінші республикалық бәйге-марафоны өткізілді.

Нәтижесінде, былтыр елімізде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітілді.

Жалпы алғанда, бұқаралық спорттың әлі тиісті деңгейде дамымауының негізгі себебі спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі немесе тозуы, жоғары урбандалу деңгейі болып табылады, оның салдарынан ауылдағы жас тұрғындар саны азаяды, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі туындайды, бұл, өз кезегінде, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтердің саны мен сапасына теріс әсер етеді. Бұқаралық спортты халық арасында танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықтың көп бөлігі әртүрлі факторларға байланысты дене шынықтырумен және спортпен қамтылмаған күйінде қалып отыр.

Осы мәселеге орай бүгінде Шымкент қаласында №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылысына бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралған.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешенінің (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілуі жоспарлануда. Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Ал келесі спорт түрлеріне деген қажеттілік шаһарымызда өзекті болып отыр. Мәселен,

қаламызда бірқатар спорт ғимараттарының қажеттілігі туындауда. Атап айтар болсақ:

— Жаңа футбол стадионының құрылысы; (Қазіргі уақытта жер телімдерді мемлекеттік мұқтаждыққа алу жұмыстары жүргізілуде)

— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Паралимпидалық, сурдлимпиадалық спорт кешенінің құрылысы; (Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданында 5 гектар жер теліміне құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде)

— Шымкент сити шағын ауданында көпфункционалды «Шымкент арена» спорт кешенінің құрылысы; (Шымкент сити шағын ауданында 5 гектар жер телімі қарастырылып, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қажет етуде)

— 5 ауданда дене шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы; (қазіргі уақытта, Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданы, Абай ауданы, Еңбекші ауданында, Әл-Фараби ауданында жер телімі қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді қажет етуде.)

Халықаралық практика көрсеткендей, дене шынықтыру мен спорт саласында бірыңғай басқару моделі жоқ. Елдер өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ұлттық саясатты қалыптастырады. Дегенмен, барлық елдерде дене шынықтыру мен спортты дамыту тетіктері жалпы халықтың дене шынықтыру және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіруге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене тәрбиесі және даму жолымен әлеуметтік бейімделуге бағытталған.

Өз кезегінде, спорт және дене шынықтыру саласын дамытудың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын тиімді дамытудың нәтижесі спортшылардың Олимпиада ойындары мен халықаралық жарыстардағы жоғары жетістіктері болып табылады.

Жоғары спорттық жетістіктер бойынша Шымкент қаласында 2024 жылдың 3 айдағы жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ, қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 698 медаль.

Азия чемпионаттарында: 10 алтын, 9 күміс және 8 қола (жалпы 27 медаль);

Әлем чемпионаттары мен кубоктарында: 3 алтын, 2 күміс, 4 қола (жалпы 9 медаль) медальға ие болды.

2024 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша: 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 79 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Париж қаласында (Франция) өтетін 2024 жылғы ХХХІІI жазғы Олимпиада ойындарына қаламыздың үміткер спортшыларымен өз құзіретіміз шегінде тиісті дайындық жұмыстары (басқарманың, аға жаттықтырушылардың дайындық жоспарына сәйкес) жүргізілуде.

Сондай-ақ, спортшылардың оқу-жаттығу жиындары, халықаралық, рейтингтік жарыстарға қатысу туралы мәселелері жан-жақты талқыланып, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасы спортты дамыту дирекциясымен бірлесіп тиісті жұмыстарды атқарылуда.

Бүгінгі таңда, Олимпиада ойындарына 10 спортшымыз (нысана көздеуден Никита Чирюкин, бокстан Сабырхан Махмуд, Таеквондодан Абабакиров Самирхон, семсерлесуден Алимжанов Эльмир мен Сертай Ерлік, стенд атудан Мария Дмитриенко, байдарка және каноэ есуден Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Сергей Токарницкий, грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов) жолдама жеңіп алды. Алдағы уақытта грек-рим күресі, көркем гимнастика, стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен Олимпиада ойындарына 4 жолдама жеңіп алу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта, Олимпиада Ойындарына үміткер спортшылар тізімдері жасақталып, Олимпиадаға дейінгі қатысатын рейтингтік және лицензиялық жарыстары бекітіліп, спортшыларымыз дайындық үстінде.

Әңгімемізге тұздық ретінде халықаралық тәжірибеге шолу жасайтын болсақ, әлемнің спортшы елдерінің бестігіне кіретін Америкада білім беру ұйымдарына қатысушылар арасында бұқаралық спорт жақсы дамыған. Мектептердің, колледждердің және университеттердің спорттық командалары іріктеу жарыстары арқылы мектеп және студенттер лигаларына біріктіріледі. Мысалы, жеңімпаз мектеп командалары маусым нәтижелері бойынша кезең-кезеңімен өңірлік жарыстарға, округ, штат жарыстарына, одан кейін ұлттық жарыстарға қатысу деңгейіне ауысады. Тек баскетболдан жылына 500 мыңға жуық матч, жеңіл атлетикадан 250 мыңнан астам жарыс, жүзуден 70 мың жарыс өткізіледі. Мектепте құрылған бастамашыл спорт клубы немесе топ ата-аналар комитетінің басшылығымен жұмыс істейді.

Ал Қытайда балалар арасындағы бұқаралық спорт спорттық резервтің негізі болып табылады. Қытайдағы жалпы білім беретін орта мектептерде спорт дене шынықтыру сабақтарында оқушылар игеретін бейінді спорт пәнін таңдау арқылы жүзеге асады. Ең дарынды оқушылар қатаң іріктеуден кейін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне түсе алады.

Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.

Мәселен үшінші мегаполисте жыл басынан қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, бұқаралық спортты дамыту, спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында 97 спорттық (Халықаралық, Республикалық, қалалық, бұқаралық) іс-шаралар өткізіліп оған 11 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтсақ:

—           «Наурыз» мерекесі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар;

—           Бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты;

—           Садақ атудан халықаралық турнир;

Сондай-ақ, жыл көлемінде Мемлекеттік қызметшілер, Медицина қызметшілер, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметшілері және Жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері арасында спорт түрлерінен Спартакиада жарыстары өткізілетін болады.

2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.

Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 109 кәсіпкер біліктілік іріктеуіден өтіп, спорттың 17 түрінен 195 секцияда 12 024 бала спортпен айналысуда.

Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы саны 523 адам.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының тізбесінде спорт саласы бойынша 4 нысаналы индикатор қарастырылған. Олар:

  1. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50% — ына дейін жеткізу.
  2. Халықтың 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі
  3. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі
  4. Жастарды спортпен қамту (14-18 жас).

Жалпы бүгінгі таңда, Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. (оның ішінде: 16 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 3 Жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 Олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік диспансер, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 Мемлекеттік жеке әріптестік аясындағы спорт нысандары).

Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылады (37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері).

Сондай-ақ, 18 490 спортшымен (олимпиадылық спорт түрімен – 12481, қысқы спорт-338, олимпиадалық емес – 4008, ұлттық спорт түрі – 1322, мүгедектігі бар спортышалар – 341 (пара-72, сурдо-153) штаттағы 912 жаттықтырушы (олимпиадалық спорт – 638, ұлттық – 69, олимпиадалық емес-182, мүгедектігі бар- 23) оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.