• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ 25 МАМЫР КҮНІ СОҒЫЛАДЫ

07.09.2023
0

Енді мұғалім өзінің қызметі туралы барлық ақпаратты жеке кабинетінен көретін болады. Себебі ұлттық платформа негізінде мұғалімдерді аттестаттау процесі автоматтандырылмақ. Одан бөлек жаңа оқу жылында ата-аналарға арналған арнайы академия өз жұмысын бастайтын болады. Дәл 1 аптадан соң күміс қоңыраудың сыңғырымен басталатын жаңа оқу жылында тағы нендей өзгешелік бар? Оқу аптасы қанша айға созылады? Балабақшадағы кезек мәселесі қалай шешілмек? Тамыз кеңесінде айтылған ақпаратпен таныс болыңыздар.

Биыл республикалық Тамыз кеңесі жаңа форматта, жаңа бағытта жүргізілді. 20 аймақтың барлығы жеке тақырыптық бағыттарға бөлініп, конференция жүргізді. Бірінші күні 12.000 астам педагог-тәжірибешілер, сарапшылар мен білім беру және психология саласындағы арнайы мамандар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша, инклюзивті білім берудің, балаларды қорғаудың заңнамалары мен талаптарын, ең өзектә мәселелерді талқыға салды.

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында тамыздың 24-25 і күндері жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық Тамыз кеңесі өтті. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында білім саласында өзекті болған 20 тақырыптық бағыт бойынша әр өңірдің педагогтері мен республиканың бас ұстазы онлайн форматта бас қосып, жаңа оқу жылына дайындықты пысықтады. Оңтүстікке еліміздің өзге де өңірлерінен білім саласының өкілдері арнайы келіп, аталмыш жиынға қатысты. Түркістан сарайында өткен мәжілісте модератор болған Оқу-Ағарту министрі Ғани Бейсенбаев. Бас ұстаз Тамыз кеңесінің пленаралық сессиясында өткен оқу жылын қорытындылап, бірер күннен соң басталатын 2023-2024 жаңа оқу жылына арналған міндеттермен бөлісті.

— Педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу де алып тасталынды. Мұғалім тек өзі сабақ беретін пән бойынша тжәне тек қана модератор мен сарапшыға ауысқан кезде ғана тестілеуден өтеді. Болашақта педагог-зерттеуші мен шебердің біліктілік санатын беру тәртібі қайта қарастырылады.

Сондай-ақ балабақшадағы кезек мәселесін шешу үшін жыл басынан бері 32,8 мың орындық 332 мектепке дейінгі ұйым ашылып, жыл соңына дейін тағы 48 мың орын енгізілетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіби мамандарды тарту мақсатында биыл қыркүйек айынан бастап тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға артады және бұл бағттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады, -деп сөзін түйіндеті еліміздің бас ұстазы.

Оқу жылы 36 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы бүгінгі кеңесте баяндалды.  Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқыған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқу жылының мерзімін өзгерту асығыс шешім болды деп ойлайтынын жеткізді:

— Біз жалпы мынау ұлттық осындай жүйелерді енгізер кезде бәріміз ойлаймыз; бұл тағы да бір біздің кемшіліктерімізді шығарады деп. Мұндай жүйелерден қорқудың қажеті жоқ. Жаңа Президенттің сөзінде де естдіңіздер, министрдің де сөзінде айтылды. Біздің алдымызға қойылған мақсат — білім сапасын көтеру болып отыр.

Елімізде цифрландыру жүйесі қарқынды дамуда. Ұстаздар жиынында цифрландыруға қатысты мектептегі интернет, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, электронды оқулықтар сынды бірқатар мәселелер талқыланды. Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Болатұлы білім беруде цифрландырудың маңызы туралы баяндама жасады.

— Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында барлық салаларды цифрландырудың маңызына тоқталып өткен болатын. Соған сәйкес, білім саласында цифрлық мазмұнға қол жеткізу үшін оқытудың цифрлық платформалары жасалады. Соның нәтижесінде бүгінде еліміздің 7 мыңнан астам мектебінде онлайн платформалар мен цифрлы оқулықтар пайдаланылып келеді. Онлайн платформаларды және өзге де цифрлық технологияларды белсенді пайдалану бойынша Шымкент қаласы Жамбыл және Ақмола облыстарымен бірге республикада алдыңғы қатарда келеді,-деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі АЙБАТ ІЛИЯСОВ.

КСМ: Үшінші мегаполисте 946 білім беру ұйымдары 100% компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз етілген. Одан бөлек білім саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, ашықтықты әрі жариялықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы автоматтандырылған жүйелер жұмыс істейді. Нәтижесінде «бармақ басты, көз қысты» бірқатар әрекеттер тыйылған, — дейді мамандар.

— Бүгінде автоматтандырылған жүйелер мегаполисте білім саласын арттырып, саланы жаңа деңгейге көтеруге өз септігін тигізуде. Осы бағыттағы арнайы платформалар мен жаңа бағдарламаның жүзеге асуы Шымкентте белең алып келеді. Бұл білім саласындағы жемқорлықты жоюға өз септігін тигізеді, — дейді Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.

Еліміздің мектептері заманауи білім беруді қолдайды. Соған сай күнделік, дарын онлайн, білім ленд сынды электронды порталдар да қолданыста. Ұстаздар да оқушыға тек білім беріп қана қоймай,  мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді пайдаланып келеді. Тамыз кеңесінде тыңдалған ұсыныстар мен пікірлер арқылы әр мектеп өкілі білім сапасын арттыру аясында жаңа идеяларды жүзеге асырмақ.

Жиынды жүргізген қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы іс-шараның секциялық отырысында білім саласын цифрландыру бойынша 30-дан астам үздік авторлық жоба шеруі өтіп, тақырыптық маңызды мәселелер қозғалған баяндамаларды тыңдады. Сондай-ақ аталған технологиялардың білім сапасына оң әсерін беретініне де сенім білдірді. Білім саласында да айтылар арыз бен түскен шағымның көптігін де жасырмады.

— Осыдан 3 жыл бұрын Шымкентте білім саласына қатысты арыз-шағымдар өте көп түсетін еді. Осыған байланысты біз білім саласындағы сыбайластық қаупін азайту, педагог кадрларды іріктеудің ашық әрі әділетті жүйесін қалыптастыру және білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау процесін автоматтандыру мақсатында HR process деген арнайы жобаны жүзеге асырдық. Осының нәтижесінде бүгінде білім саласында тәртіп орнап, арыз-шағымдар мен наразылықтар азайды. Шымкент қаласының осындай үздік тәжірибесі бүгінде бүкіл республикаға тартылып жатыр,- деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Осылайша 2 күнге созылған Тамыз кеңесі өз мәресіне жетті. Жаңа оқу жылында алға қойылған міндеттер аса маңызды. Жиынға қатысқан 300 өңірлік қонақ пен 1000-ға жуық шымкенттік мұғалімдер оқу жылына бекітілген жоспармен таныс болды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.