Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МЕГАПОЛИСТЕ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
    Айғақ TV

    МЕГАПОЛИСТЕ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.09.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласында Азаматтық форум басталды. «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбындағы форумға арнайы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты. Қала әкәмі ашып берген жиынға үкіметтік емес ұйымдар, белсенді қала жастары және депутаттар қатысты.

    Азаматтық қоғам бұл — қарапайым халық біз бен сіз және қоғамда орны бар үкіметтік емес ұйымдар. Ал үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің дамуында ықпалы орасан зор. Азаматтық қтғамды дамыту мен қалыптастыру мемлекеттік саясаттың мағызды міндеттерінің бірі. Бұл жұмыстарға ел президенті үлкен мән беруде. Қазіргі таңда Шымкентте азвматтық қоғам институттардың атқаратын қызмет аясы кеңейіп келеді. Оның дәлелі бүгінде 550-ден астам ұйымдар тіркеліп, жұмыс жасауда. Қала әкімінің айтуынша олардың дамуына, қалыптасуына тұрақты түрде қолдау көрсетуді қолға алуда екен. Себебі бұл ұйымдар халықтың ұсыныс-пікірлерін билікке жеткізетін негізгі күш.
    Бүгінгі форумның жастар мәселесіне арналуының да өзіндік мәні зор. Шымкент қаласы тұрғындарының 32 пайызын жастар құрайды. Сондықтан министр үшінші мегаполисті жастар қаласы деп бағалады. Жалпы Республика халқының үштен бір бөлігін жастар құрайды. Сондай ақ. Елімізде 232 жастар ресурстық орталығы бар. Онда 3000-нан аса маман жұмыс жасайды. Алдағы уақытта орталық қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Дархан Қыдырәлі жастарды қолдау мақсатында «IThub» орталықтар ашылады деп жағымды жаңалықпен бөлісті .

    Дәл осындай Азаматтық форум бүгінгі күнге дейін еліміздің 6 өңірінде өтті. Ал, қазан айында республикалық деңгейде форум болады деп жоспарлануда. Оған дейін 20 аймақта өткізіп, әр өңірдің өзіндік ұсыныстары мен өтініштерін іріктеп, қорытынды шарада жауаптыларға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Казакстанның азаматтық Алянсы президенті Бану Нұрғазиев өз баяндамасында айтып өтті. Сонымен қатар, жастар — қоғамның қозғаушы күші екеніне тоқталды.
    Азаматтық форум соңында үкіметтік емес ұйым басшылары, бірқатар жастар ақпарат және қоғамдық даму минстрінің алғыс хатын иеленді. Солардың бірі «Асыл әлем» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұргүл Қобланова. Оның айтуынша форумға қатысушы ретінде көптеген маңызды ақпараттар мен жағымды жаңалықтар қуантты дейді. Алдағы уақытта республикалық форумға Шымкент қаласының атынан ұсыныс жолдайтынын жеткізді.   Айта кетейік, ауқымды іс-шара ең алғаш 2003 жылы басталған.
    Ал, биыл қазан айында 11- форумды өткізу жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.