Шымкент қаласында Азаматтық форум басталды. «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбындағы форумға арнайы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты. Қала әкәмі ашып берген жиынға үкіметтік емес ұйымдар, белсенді қала жастары және депутаттар қатысты.
Азаматтық қоғам бұл — қарапайым халық біз бен сіз және қоғамда орны бар үкіметтік емес ұйымдар. Ал үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің дамуында ықпалы орасан зор. Азаматтық қтғамды дамыту мен қалыптастыру мемлекеттік саясаттың мағызды міндеттерінің бірі. Бұл жұмыстарға ел президенті үлкен мән беруде. Қазіргі таңда Шымкентте азвматтық қоғам институттардың атқаратын қызмет аясы кеңейіп келеді. Оның дәлелі бүгінде 550-ден астам ұйымдар тіркеліп, жұмыс жасауда. Қала әкімінің айтуынша олардың дамуына, қалыптасуына тұрақты түрде қолдау көрсетуді қолға алуда екен. Себебі бұл ұйымдар халықтың ұсыныс-пікірлерін билікке жеткізетін негізгі күш.
Бүгінгі форумның жастар мәселесіне арналуының да өзіндік мәні зор. Шымкент қаласы тұрғындарының 32 пайызын жастар құрайды. Сондықтан министр үшінші мегаполисті жастар қаласы деп бағалады. Жалпы Республика халқының үштен бір бөлігін жастар құрайды. Сондай ақ. Елімізде 232 жастар ресурстық орталығы бар. Онда 3000-нан аса маман жұмыс жасайды. Алдағы уақытта орталық қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Дархан Қыдырәлі жастарды қолдау мақсатында «IThub» орталықтар ашылады деп жағымды жаңалықпен бөлісті .
Дәл осындай Азаматтық форум бүгінгі күнге дейін еліміздің 6 өңірінде өтті. Ал, қазан айында республикалық деңгейде форум болады деп жоспарлануда. Оған дейін 20 аймақта өткізіп, әр өңірдің өзіндік ұсыныстары мен өтініштерін іріктеп, қорытынды шарада жауаптыларға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Казакстанның азаматтық Алянсы президенті Бану Нұрғазиев өз баяндамасында айтып өтті. Сонымен қатар, жастар — қоғамның қозғаушы күші екеніне тоқталды.
Азаматтық форум соңында үкіметтік емес ұйым басшылары, бірқатар жастар ақпарат және қоғамдық даму минстрінің алғыс хатын иеленді. Солардың бірі «Асыл әлем» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұргүл Қобланова. Оның айтуынша форумға қатысушы ретінде көптеген маңызды ақпараттар мен жағымды жаңалықтар қуантты дейді. Алдағы уақытта республикалық форумға Шымкент қаласының атынан ұсыныс жолдайтынын жеткізді. Айта кетейік, ауқымды іс-шара ең алғаш 2003 жылы басталған.
Ал, биыл қазан айында 11- форумды өткізу жоспарлануда.