Бүгін, өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан 5 қабатты 2 тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Аталған тұрғын үйлер 90 мемлекеттік қызметшілер мен мәдени сала қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару барысында қоныстануға берілді.Айта кетейік, былтырғы жылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлеріне 51 қызметтік пәтер берілген болатын.
Шымкент қаласында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының аясында 2015-2016 жылдары 80 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5420 отбасы баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойларын тойлаған.
Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 5 қабатты 2 тұрғын үй: 1 бөлмелі – 20 пәтер; 2 бөлмелі – 40 пәтер; 3 бөлмелі – 30 пәтер.
Пәтерлердің жалпы ауданы 6024 шаршы метрді құрайды.