Шымкенттегі Ұлттық Ұланның 6698 әскери бөлімінің құрылғанына 10 жыл. Осыған орай бөлімде салтанатты жиын өтті. Қауіпсіздіктің қалқаны саналатын әскерилер шараға алдымен Жауынгерлік Туды әкеліп, оркестрдің сүйемелдеуімен Әнұран орындады.Мерекелік шараға қатысқан ардагерлер мен қызметкерлер ішкі әскер ретінде құрылған қазіргі Ұлттық ұланның тарихына тоқталып, әскери бөлімнің бүгінгі жетістіктері туралы айтты. Ардагер командирлер мен қызметкерлерге арнайы төсбелгі тағып, құрмет көрсетті.
Әскери бөлімде жылына мыңнан аса сарбаз шыңдалады. Ұлттық ұлан сарбаздары жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен орындап, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып келеді.