Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.
Борт алдын ала мәлімет бойынша Газиантеп қаласына барады.
Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.