• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

17 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

01.07.2022
0

Үшінші мегаполисте инфрақұрылым мәселесі халықтың санының артуына байланысты әлі де өзекті. Дегенмен, әкімдіктің жүйелі жұмысының нәтижесінде бүгінде еліміз үшін маңызды қаланың проблемасы біртіндеп шешіліп келеді. Шымшаһардағы инфрақұрылымдық дамыту бағытында осы атқарылып жатқан жұмыстардың болашақ үшін маңызы өте зор.

Атқарылған жұмыстарды тарқатып айтар болсақ, Құрсай шағынауданына инженерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары жүзеге асуда. Аудан орталығы электр жарығымен толық қамтылған. Ал жаңақұрылыс аумағында орналасқан 282 орамға электр қуатын жүргізуге биыл жобалық сметалық құжаты әзірленуде.

Шағынаудан орталығына табиғи газ берілген. Жаңақұрылыс аумағындағы 282 мен 283 орамға газ тарту үшін жобалық сметалық құжаты дайындалуда.

Ал, сапалы ауыз сумен қамтуға «Риголит» мердігер мекемесі тарапынан құрылыс 2021 жылы басталған. Жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Бірінші нысандағы 185,5 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйенің 54 пайызы орындалған. Жоба үшін өткен жылы 747,2 млн теңге қаржы қаралса, биыл 2 040,4 млн теңге бөлініп отыр. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың қараша айына жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгенде 17 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым. 2021 жылы басталған құрылыс, биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір бұл нысанда жұмыстың 58 пайызы аяқталған.

2021 жылы қаламызда 3 магистралды суаққы мен 10 елді мекенде құрылыс аяқталып, сапалы сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға жетті. Қазір суды кестемен алып отырған Құрсай, Сайрам шағынауданы мен  Қайнарбұлақ тұрғын алабы үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрсайдағы құрылыс жыл соңына дейін аяқталады. Сайрам мен Қайнарбұлаққа ауыз су жеткізу жұмысы келер жылға өтпелі. 2023 жылы тағы 3 суаққының құрылысы аяқталғанда қаламыз ауыз сумен 100 пайыз қамтылады.

Ал Қаратау ауданы бойынша Таскен, Тұран, Достық, Нұртас, Тассай  шағын аудандарында  16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда,  Таскен тұрғын алабында  650 шаршы метр болатын 3 көшеге, Тұран шағын ауданы бойынша 3 көшеге, 8 550 шаршы метрді құрайды, Достық шағын ауданында  5 көшеге, яғни, 17 440 шаршы метрге, Нұртас шағын ауданы бойынша 3 көшеге, ол 750 шаршы метр, Тассай тұрғын алабына 3 көшеге, яғни 2650 шаршы метрге шағал тас төселеді.

Жалпы Қаратау ауданы бойынша 21 шақырымға шағал тас төсеу жоспарлануда.

Алдағы уақытта  Қайнарбулақ  саяжайы бойынша 10 көшеге, Бозарық саяжайы  бойынша 2 көшеге, Асар-2 шағын ауданы бойынша 2 көшеге, Қайнарбұлақ тұрғын алабына 5 көшеге, Сайрам тұрғын алабындағы 8 көше мен Исфиджаб тұрғын алабындағы 9 көшеге  шағал тас төселеді.

Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдарындағы 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.

Атап айтқанда;

276 орамдағы 27 көшеге (12,9 шақырым),

275 орамдағы 7 көшеге (2,4 шақырым),

195 орамдағы 5 көшеге (1,1 шақырым)

шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.

Жалпы Әл-Фараби ауданында осы жылы 15,87 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылатын болады.

Жалпы, Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы табиғи газбен қамтылған. Шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, 31 елді мекенде газ жартылай берілген. Бүгінде қалған елдімекендерге газ тарту  мақсатында тиісті жобалар жүзеге асырылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Ақтас, Ақтас-2 шағынауданында болып, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.

Ақтасқа газ құбырын тарту жұмысының 65 пайызы орындалған болса, осы жылдың тамызына дейін аяқтап, нәтижесінде 225 үй көгілдір отынға қол жеткізбек.

Ақтас-2 шағынаударнында құрылыстың 60 пайызы аяқталған. Нысан құрылысы үшін 223,6 млн теңге қаражат қаралып, қазірге дейін оның 120 млн теңгесі игерілді. Қазіргі сәтте ұзындығы 16,5 шақырым болған ішкі жүйелерге құбыр тартылуда. Өткен жылдың соңында басталған жоба тамызға дейін пайдалануға берілмек. Нәтижесінде елді мекендегі 160 абонент  табиғи газбен қамтылады.

Қазіргі уақытта қалада 1 магистралды және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін Тұран магистралды газ құбыры мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 20 мыңға жуық тұрғынға табиғи газ беріліп, қамтылу көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді. 2025 жылы қала  тұрғындарын 100 пайыз көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Арғымақ шағынауданындағы инфрақұрлым жұмыстарының барысын тексерді. Шағынауданда қазір 200-ден астам халық қоныстанған. Инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы рет-ретімен атқарылуда.

Арғымақ елдімекені бүгінде мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен толық қамтылған. Көгілдір отын жеткізу жұмыстары жүруде, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Қазіргі сәтте ауызсумен қамту  жұмысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Елді мекенде жалпы 80 жеке тұрғын үй бар. Нысанның қуаттылығы 405 үйге тіршілік нәрін жеткізуге қауқарлы. 2021 жылы басталған жоба барысында ұзындығы 6 800 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, тұрғын үйлерге қосу жұмысы жүргізілуде. Қалған бос жер телімдеріне су жүйесі тартылған, керек болғанда қосу мүмкіндігі бар.

Бүгінде қалада ауыз су бойынша барлығы 7 нысанның құрылысы жүруде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетпек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ КІМ?

АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ КІМ?

Айғақ медиа
04.06.2026
0

Уақыттың аздығы алтын жүлдеден айырды. Осылай деген Шымкенттік жас балуан құрлықтық додада қарсыластарына оңайлықпен жол берген жоқ. Вьетнамның Дананг қаласында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.