Үшінші мегаполисте инфрақұрылым мәселесі халықтың санының артуына байланысты әлі де өзекті. Дегенмен, әкімдіктің жүйелі жұмысының нәтижесінде бүгінде еліміз үшін маңызды қаланың проблемасы біртіндеп шешіліп келеді. Шымшаһардағы инфрақұрылымдық дамыту бағытында осы атқарылып жатқан жұмыстардың болашақ үшін маңызы өте зор.
Атқарылған жұмыстарды тарқатып айтар болсақ, Құрсай шағынауданына инженерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары жүзеге асуда. Аудан орталығы электр жарығымен толық қамтылған. Ал жаңақұрылыс аумағында орналасқан 282 орамға электр қуатын жүргізуге биыл жобалық сметалық құжаты әзірленуде.
Шағынаудан орталығына табиғи газ берілген. Жаңақұрылыс аумағындағы 282 мен 283 орамға газ тарту үшін жобалық сметалық құжаты дайындалуда.
Ал, сапалы ауыз сумен қамтуға «Риголит» мердігер мекемесі тарапынан құрылыс 2021 жылы басталған. Жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр.
Бірінші нысандағы 185,5 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйенің 54 пайызы орындалған. Жоба үшін өткен жылы 747,2 млн теңге қаржы қаралса, биыл 2 040,4 млн теңге бөлініп отыр. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың қараша айына жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгенде 17 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым. 2021 жылы басталған құрылыс, биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір бұл нысанда жұмыстың 58 пайызы аяқталған.
2021 жылы қаламызда 3 магистралды суаққы мен 10 елді мекенде құрылыс аяқталып, сапалы сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға жетті. Қазір суды кестемен алып отырған Құрсай, Сайрам шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабы үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрсайдағы құрылыс жыл соңына дейін аяқталады. Сайрам мен Қайнарбұлаққа ауыз су жеткізу жұмысы келер жылға өтпелі. 2023 жылы тағы 3 суаққының құрылысы аяқталғанда қаламыз ауыз сумен 100 пайыз қамтылады.
Ал Қаратау ауданы бойынша Таскен, Тұран, Достық, Нұртас, Тассай шағын аудандарында 16 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Таскен тұрғын алабында 650 шаршы метр болатын 3 көшеге, Тұран шағын ауданы бойынша 3 көшеге, 8 550 шаршы метрді құрайды, Достық шағын ауданында 5 көшеге, яғни, 17 440 шаршы метрге, Нұртас шағын ауданы бойынша 3 көшеге, ол 750 шаршы метр, Тассай тұрғын алабына 3 көшеге, яғни 2650 шаршы метрге шағал тас төселеді.
Жалпы Қаратау ауданы бойынша 21 шақырымға шағал тас төсеу жоспарлануда.
Алдағы уақытта Қайнарбулақ саяжайы бойынша 10 көшеге, Бозарық саяжайы бойынша 2 көшеге, Асар-2 шағын ауданы бойынша 2 көшеге, Қайнарбұлақ тұрғын алабына 5 көшеге, Сайрам тұрғын алабындағы 8 көше мен Исфиджаб тұрғын алабындағы 9 көшеге шағал тас төселеді.
Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдарындағы 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
Атап айтқанда;
276 орамдағы 27 көшеге (12,9 шақырым),
275 орамдағы 7 көшеге (2,4 шақырым),
195 орамдағы 5 көшеге (1,1 шақырым)
шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
Жалпы Әл-Фараби ауданында осы жылы 15,87 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылатын болады.
Жалпы, Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы табиғи газбен қамтылған. Шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, 31 елді мекенде газ жартылай берілген. Бүгінде қалған елдімекендерге газ тарту мақсатында тиісті жобалар жүзеге асырылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Ақтас, Ақтас-2 шағынауданында болып, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.
Ақтасқа газ құбырын тарту жұмысының 65 пайызы орындалған болса, осы жылдың тамызына дейін аяқтап, нәтижесінде 225 үй көгілдір отынға қол жеткізбек.
Ақтас-2 шағынаударнында құрылыстың 60 пайызы аяқталған. Нысан құрылысы үшін 223,6 млн теңге қаражат қаралып, қазірге дейін оның 120 млн теңгесі игерілді. Қазіргі сәтте ұзындығы 16,5 шақырым болған ішкі жүйелерге құбыр тартылуда. Өткен жылдың соңында басталған жоба тамызға дейін пайдалануға берілмек. Нәтижесінде елді мекендегі 160 абонент табиғи газбен қамтылады.
Қазіргі уақытта қалада 1 магистралды және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін Тұран магистралды газ құбыры мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 20 мыңға жуық тұрғынға табиғи газ беріліп, қамтылу көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді. 2025 жылы қала тұрғындарын 100 пайыз көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Арғымақ шағынауданындағы инфрақұрлым жұмыстарының барысын тексерді. Шағынауданда қазір 200-ден астам халық қоныстанған. Инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы рет-ретімен атқарылуда.
Арғымақ елдімекені бүгінде мемлекеттік жүйедегі электр қуатымен толық қамтылған. Көгілдір отын жеткізу жұмыстары жүруде, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Қазіргі сәтте ауызсумен қамту жұмысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Елді мекенде жалпы 80 жеке тұрғын үй бар. Нысанның қуаттылығы 405 үйге тіршілік нәрін жеткізуге қауқарлы. 2021 жылы басталған жоба барысында ұзындығы 6 800 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, тұрғын үйлерге қосу жұмысы жүргізілуде. Қалған бос жер телімдеріне су жүйесі тартылған, керек болғанда қосу мүмкіндігі бар.
Бүгінде қалада ауыз су бойынша барлығы 7 нысанның құрылысы жүруде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетпек.