Шымкенттегі балаларға арналған №1 Оңалту орталығының ашылғанына 4 жылдан асты. Санаулы уақыт арасында мамандар ем алушыларға сапалы медициналық қызмет көрсеткен. Мұнда неврологиялық аурулармен ауыратын, нақтырақ айтқанда балалар церебральді параличімен есепте тұратын балалар ем-дом қабылдайды. Оңалту орталығының бір ерекшелігі, республика бойынша ерте жастағы балаларды оңалту жұмыстарын жүргізеді. Мекеме мультитәртіптік командамен жұмыс атқарады. Оның құрамына дәрігер-реабитолог, невролог, кинезотерапевт, физиотерапевт, уқалаушылар және эрготерапевт мамандар кіреді. Сондай-ақ, сала мамандары да өз білімдерін жетілдіру мақсатында жиі оқу курстарына қатысып тұрады. Ағымдағы жылдың 4 айынан бері мұнда 538 бала оңалтудан өткен. Оның ішінде жалпы неврологиялық аурулармен -307 бала ем алса, 231 ортопедия профильі бойынша емге жүгінген. Орталық мамандарының нәтижелі жұмысы аясында балалар церебральді параличінен 65 бала жазылып шықты. Сондай-ақ, 220 баланың бұлшық ет күші жақсарып, 21 бүлдіршін көмекпен басын ұстауды үйренді. 20 бала аунауды меңгерсе, 24-і төрт тағандап жүруге дағдыланды. Еселі еңбектің арқасында 14 бала өздігінен нық тұруды үйренсе,12 бала жүруді меңгерді. Кейіпкеріміз Асыл 2,5 жаста. Аталмыш орталықта тоғыз айлығынан бастап ем қабылдап келе жатқан бүлдіршінің жағдай бүгінде едәуір жақсы. Әуеліде мойыны мен аяқтарының қозғалысы қиын болған баланың, бүгінде қимылы шираған. Сәбиінің көз алдына оңалып келе жатқанын көрген жас ана Айгерим Айтбаеваның орталық дәрігерлері мен қызметкерлеріне айтар алғысы шексіз.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шымкент қаласының Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға ардагерлер, құқық...











