
«Бір үй, бір бірлестік, бір есепшот»! Дәл осы қағидаға сәйкес жаңа тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Үшінші мегаполисте 2236 көпқабатты үйдің 124-і мүлік иелері бірлестігіне, ал 1798 үй жай серіктестікке өтті. Ендігі жерде «Жаңғырту» бағдарламасына сәйкес, тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарын жоспарлауға талап етілетін жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу және көпқабатты үйлердің қасбетін әрлеу жұмыстары мемлекет есебінен тегін жүргізілетін болады. Бұл туралы Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров баспасөз брифингінде арнайы баяндады.
САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ
Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...










