• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАНДЫ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

14.01.2022
0

Түркістан облысын ағын сумен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен білікті ғалымдар мен мамандар арқылы зерттеу жүргізіліп, Түркістан қаласы маңында бірнеше су жобалары іске асырылуда. Бүгін өңір басшысы аталған су нысандарының бірнешеуіне барып, жай-күйімен танысты,  — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жобалардың маңызы өте зор. Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында маңызды су нысандарының құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталған соң Түркістан қаласына 250 млн. текше метр ағын су келіп, бұл мәселе толық шешіледі. Оның біріншісі – «Түркістан» магистралды каналын жөндеу жұмыстары жалғасуда. 145 шақырымдық каналдың фильтрациялық шығыны көп 60 шақырымын бетондау жұмысы жоспарланып, 50 шақырымы бетондалып үлгерді. Қалған 10 шақырымы наурыз айында аяқталады. Осы арқылы 60 млн. текше метр су жиналып, аймақты көгалдандыруға қолданылмақ. Сонымен бірге ағын суды пайдалану автоматтандырылып, суды үнемдеуге мән беріледі.

Өңірде қолға алынған екінші жоба – «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасы. Оның сыйымдылығы 18 млн. текше метрден асады. Бұрын жаңбыр мен қар суы далаға кететін, енді сол су көзі жиналып, Түркістан қаласы маңындағы азық-түлік белдеуі мен жасыл алқапқа жіберілмек. Саябақтар да сумен қамтылады.

Облыста «Жетікөл» көлдер жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Жұмыстар нәтижесінде көлдің суы қоры ұлғайып, экологиясы жақсарды. Отырар ауданы мен Арыс қаласының экожүйесі жақсара түседі. Бұл – Өзіндік ерекшелігі бар жоба. Өйткені, жыл сайын көлдің жағасы тарылып, экологиялық қауіп туып еді. Былтыр қалпына келтіріп, 34 шақырым ұзындыққа бөгет жасалынып, 261 млн. текше метр су көлге тасталынған.

Түркістанда «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы жасанды көлінің де құрылысы жүріп жатыр. Мұнда жер жұмыстары 100% аяқталған. Су келетін, су жіберетін каналдары дайын. №1, №2, №3 дамбалары тұрғызылған. Бүгінгі таңда №1-3 су келетін каналдардың жер жұмыстары аяқталып, бетон құю жұмыстары жүргізілуде.

Өмірзақ Шөкеев суармалы жер көлемін арттыру, суды үнемдеу және аймақты жасыл алқапқа айналдыру бағытындағы ізденістер мен жұмыстар жалғасатынын айтып, мердігерлерге өз жобаларын сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды. Осы жобалар арқылы ауыл шаруашылығы мен туризм дамиды және Түркістан жасыл қалаға айналып, экологиясы жақсарады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

     Шымкентте «Отбасы күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Мақсаты –...

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

      Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес жиналысында күн тәртібіне сәйкес Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері, сондай-ақ...

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұжымы...

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Қазақ кино индустриясы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Мәдениеттегі өзгерістерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жаңа жобалардың жүзеге асуына жағдай жасалуда....

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында көшпелі қабылдау өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау...

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФЛЕШМОБ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара —...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.