• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЫСТАМБҰЛДА «ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САУДА ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

22.12.2021
0

Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында “Қазақстан мәдениеті және сауда орталығы” ашылды, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі.

“Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының” қолдауымен, “Әлем қазақ кәсіпкерлер қоғамдастығының” ұйымдастыруымен өткен шараға әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастар келді. Осыған орай “Aydin” университетінде концерттік шара ұйымдастырылды.

Шараға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, қауымдастықтың Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалдарының жетекшісі Дулат Әбіш, Нұр-Сұлтан қаласынан Қарлығаш Қожамұрат, Қарағанды облысынан Меруеш Башай, Еуропа қазақтары қауымдастығының төрағасы Әбдурахман Четин және аталған оқу орнының басшылары қатысты.

Сөз алған Зауытбек Қауысбекұлы кезіндегі ұлы көш жайлы, Тибеттен асып келген қандастар жайлы айтты. Сол кезеңде атажұртқа 2 мың ғана адам көшіп келген екен. Ал, ол халықтың 1/10 ғана.
Елбасының бастамасымен тәуелсіздік жылдары қазақ жеріне 1 миллион қандас келсе, бүгінде олар 2 миллионды құрап отыр. Қауымдастық Төрағасының бірінші орынбасары қазақ ұлтының тәуелсіздігін алғаш мойындаған түріктер екеніне тоқталып, бауырлас елге алғыс білдірді. Алыс- жақын шет елден келген қандастарды 30 жылдық мерейтоймен құттықтады.

Жан-жақтан келген қонақтар сөз сөйлеп, тұсауы кесілгелі жатқан орталыққа ақжолтай тілегін жеткізді. Әртістер әннен шашу шашып, келген қонақтар ұлттық өнермен сусындап, мәз-мейрам болысты.

Әрмен қарайғы жиын Ыстамбұлдағы “Қазақстан мәдениеті және сауда орталығында” жалғасты. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, нысанның басшысы Ғанимет Қайсалұлы орталықтың лентасын қиды.
Бес қабаттан тұратын орталық екі мақсатта қызмет атқарады. Біріншісі, мәдени мақсат. Түркі елін қазақтың мәдени мұрасымен, әдет-ғұрпымен таныстыру. Көнеден жеткен тарихи деректерді қазіргі заман ағымымен тоғыстыру, байланыстыру. Екіншісі, сауда-саттық, экономикалық мақсат. Қазақтың экономикасын көтеремін деп дүниежүзілік нарыққа шығам деген қазақстандық кәсіпкерлерге бағыт беріп, жәрдемдесу мақсатында арнайы бөлмелер құрылған.

Сондай-ақ, Ыстамбұлдағы қандастардың салт-дәстүр, жөн-жоралғыларды өткізу мақсатында арнайы бөлме құрылған.
Көрме бөлімінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналған бұрыш бар. Ақынның 175 жылдық мерейтойын ескерген қандастар әлем жұртшылығы таныған ақынға көрме төрінен бұрыш қоюды жөн санапты.

Жиында қауымдастық мүшелеріне, келген қандастарға арнап “Әлем қазақ кәсіпкерлер қоғамдастығының” өкілдері Ж.Жабаев атындағы мерекелік медальді тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Нало: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елімізде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл жолғы игі бастама Бадам өзенінің жағасында ұйымдастырылды. Шараға...

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚАНЖЫҒАСЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкент қаласы полиция департаментінің «Арлан» спорт клубының командасы Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен республикалық бокс чемпионатында ІІ орын иеленді....

МЕРЕКЕДЕ 1500-ДЕН АСТАМ БАЛА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Шымкент қаласында «Бақытты балалық үшін» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Балалардың...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.