• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МУЗЕЙІ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ РУХАНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ

21.12.2021
0

Түркістанда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи музейінің тұжырымдамасы жасалып жатыр. Оған түркістандық белгілі ғалымдар мен яссауитанушылар атсалысуда. Бұл рухани орталық Түркістанның ең маңызды әрі туристер жиі келетін орнына айналуы тиіс. Музейдің құрылысы мен даму бағытын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тікелей қадағалап келеді, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Заман талабына сай салынған сәулетті орталықта Қожа Ахмет Ясауидің тарихи болмысын, өмірі мен ілімін жаһанға өз деңгейінде танытып, ғұламаның терең зерттелген рухани мұраларын қою мақсаты көзделген. Жаңа музейдің қоры жасақталып, Ясауи мұралары мен шет мемлекеттердегі шәкірттерінің еңбектері, көне қолжазбалар мен тарихи жәдігерлер жинақталып жатыр. Сондай-ақ Түркістан қаласында әлемнің түкпір-түкпірінде Ясауи бабаның ғылыми мұрасын зерттеп жүрген ясауитанушылардың басын қосып, халықаралық конференция өткізу жоспары бар. Бұл туралы жаңа мұражайдағы жасақтау жұмыстарымен танысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Қ.А.Ясауидің тарихтағы орны мен қоғамды ізгілендіруге деген еңбегін жаһанға өз деңгейінде толық танытып, насихаттау мақсатында салынған мәдени ошақтың жаңа тұжырымдамасымен танысқан облыс әкімі жоба жетекшілеріне бірқатар міндеттер жүктеді. Ұлы ойшылдың ел руханиятындағы орнын жоғары бағалайтын ол музейді бірегей жобаға айналдыру жолдарын көрсетіп, ой қосты. Мәні терең әрі құнды деректермен қамтылып, жалпы халықты рухани серпілтетін, тарихи танымын оятатын орталық болуы керектігін жеткізді. Жаңа музей ғұламаның іліміне сапар шегіп, күллі шығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған діни қайраткердің еңбектерін дәріптейтін мәдени ошақ болмақ.

Қожа Ахмет Ясауи музейінің аумағы – 3200 шаршы метр. Құрылысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, «Самұрық-Қазына» компаниясының тапсырысымен «Базис – А» компаниясы жүргізді. Ұлы тұлғаға арналған музейде 100 адам жұмыспен қамтылады.

Жалпы Түркістанды туризм орталығына айналдыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Түркістан қаласындағы туристік нысандар жайлы ақпараттар әлемдегі ең ірі http://xn--ripadviser-mwi.com/ саяхатшылар порталына енгізілді. Өңірге келетін қонақтар, туристермен жұмыс жүргізетін гид мамандарын даярлау ісі де жандана түсті.

Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып, 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Тарихи орындар өте көп. Солардың ішінде Қожа Ахмет Ясауи музейі де жұртшылық жиі келетін орынға айналады деген сенім мол.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 238 СӘБИ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ «СҮЙІНШІ» СЫЙЛЫҚ БОКСТАРЫН АЛДЫ

Next Post

МАЙДАН БАТЫРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.