• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 30 МЕКТЕП АШЫЛДЫ

16.12.2021
0
Биыл Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы басталды. Бұл — еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Ол үшін мемлекет қазынасынан 18,2 млрд. теңге қаржы қаралды. Оның ішінде 2,3 млрд.теңге «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы, 15,9 млр.теңге облыстық бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда 29 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың төрағалығымен өткен отырыста баяндалды. Онда «Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: «Әр азаматқа лайықты өмір! атты саулауалды бағдарламасы бойынша мектеп нысандарының құрылыс жұмыстары мен аяқталуы және облыс аумағында спорт нысандарының пайдалануға берілуі туралы айтылды.
Атап айтқанда, Бәйдібек ауданында — 1, Қазығұрт ауданында — 3, Жетісайда — 3, Мақтааралда — 5, Сарыағашта — 3, Келесте — 1, Сайрамда — 2, Ордабасыда — 1, Созақта — 2, Төлебиде — 2, Түлкібаста — 3, Шардарада — 1, Кентауда — 1, Түркістан қаласында 1 жаңа білім ұясы ашылды. Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиевтің баяндауынша, жыл соңына дейін Жетісайда — 1, Мақтааралда — 3, Сарыағашта — 1, Созақта — 1, Төлебиде — 1, Бәйдібекте — 2, Ордабаста — 1, Түлкібаста — 2, Кентауда — 2, Төлебиде -1 мектепті пайдалануға беру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар 2021 жылы 7 спорт нысанының құрылыс жұмыстарын жүргізуге 7,4 млрд. теңге қаржы қаралды. Қаражат «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы, «Жумыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы және млрд. теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Жылдың қорытындысымен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы Ордабасы ауданы Төрткөл ауылындағы спорт кешенінің құрылысы пайдалануға тапсырылды. Қалған 6 нысан келер жылға өтпелі.
Сондай-ақ күн тәртібінде өңірдің жыл басынан бергі макроэкономикалық көрсеткіштері, облыс бюджетінің игерілуі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу шаралары мен тұрақтандыру жұмыстары туралы баяндалды. Маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті бақылауында.
Жылдық жоспар бойынша Түркістан өңірінде пайдалануға берілетін тұрғын үйдің жалпы алаңы 800 мың шаршы метрді құрамақ. 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Түркістан облысындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 252 млрд. теңгені құрады. Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің мәлімдеуінше, өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 607 млрд. теңгеден асты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 864 млрд. теңгені құрап, инвестиция көлемі 524,4 млрд. теңгеден асты.
Previous Post

ШАРДАРА — АРЫС АВТОЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Next Post

КЕЛЕСТЕ БЕС МЕКЕМЕНІҢ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.