• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ОТАНДЫҚ АЯҚКИІМДЕР ҚАЛАЙ ТАҢБАЛАНУЫ ҚАЖЕТ?

06.12.2021
0

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елімізде 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқ киімді міндетті түрде цифрлық таңбалау басталғанын еске салады. Осы күннен бастап өндірушілер мен импорттаушылар өнімдерін сату үшін бірегей Data Matrix кодын қолдануы керек, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз қызметі.

Отандық аяқ киім өндірушілері сатуға шығарғанға дейін өндірістегі тауарларын таңбалауы тиіс. Ал импорттаушылар өндіруші зауытта немесе үшінші елдер аумағындағы қоймаларда немесе кедендік рәсімдер аяқталғанға дейін ҚР Кедендік қоймаларында таңбалау кодын орнатады.

Ол үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланып, markirovka.kz ақпараттық жүйесінде https://elk.prod.markirovka.ismet.kz/login-kep сілтемесі бойынша тіркелуі керек. Бұл ретте тек электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетіліп, қалған деректер ЭЦҚ-дан алынады.

GTIN (қаптаманың штрих-коды) болған жағдайда, өндірушілер мен импорттаушылар жүйеде жұмысын бастай алады: «Тауарлардың ұлттық каталогы» бөліміне кіріп, «Субаккаунт» бөліміндегі профиль параметрлерінде өндіруші туралы деректерді толтырып, тауарды «Тұтынушылық қаптама» бөлімінде тіркей алады. GTIN болмаған жағдайда, таңбалау жүйесіндегі GS1 Kazakhstan қауымдастығына «GS1-мен өзара іс-қимыл» бөліміне кіріп, ұлттық каталогтағы тауар туралы мәліметтерді толтыруы қажет.

Таңбалау кодтарына жүйедегі «Тапсырысты басқару станциясы» бөлімінде тапсырыс беріледі. PDF немесе CSV форматында жүктеліп, кез келген принтерде басып шығарылып, содан кейін қорапқа, аяқ киімге немесе тауар белгісіне орнатылады.

2021 жылғы 7 желтоқсанға дейін импорттаушылар Қазақстанға импортталатын аяқ киімді кедендік рәсімдер аяқталғаннан кейін еліміздегі өз қоймаларында таңбалай алады.

Тауарларды цифрлық таңбалау мәселелері бойынша кеңес алу үшін тәулік бойы тегін қызмет ететін 8 800 080 65 65 жедел желісіне хабарласуға болады.

Previous Post

ОРТАҚ МӘМІЛЕ ТҮПКІЛІКТІ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ӘЛІБЕК ДІНІШЕВ ӘН ШЫРҚАДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.