Түркістанда Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа ғимараты ашылды.Жаңа нысанның ашылу рәсіміне ҚР Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев қатысты.
Облыс орталығындағы департамент ғимаратына бүгінде 207 қызметкер толық орналасқан. Жалпы алаңы 12 507 шаршы метрді құрайтын нысанда маңызды жиындар өткізу үшін 320 орындық үлкен мәжіліс залы және 45 орындық кіші мәжіліс залы қарастырылған. Тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін 100 орындық күту залы. Бір мезгілде салық төлеушілерді 14 терезеде қабылдау мүмкіндігі бар. Департаментте салауатты өмір салтын ұстау мақсатында спорт кешені де қарастырылған. Оның ішінде ауыр атлетика, кіші футбол, баскетбол, валейбол сияқты спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндіктер жасалап отыр.