• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРІК КЕҢЕСІ ТҮРКІ ӘЛЕМІ УНИВЕРСИТЕТТЕР ОДАҒЫНЫҢ V БАС АССАМБЛЕЯСЫ ӨТТІ

27.10.2021
0

2021 жылдың 26 қазан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (бұдан әрі – Университет) Түрік Кеңесі Түркі әлемі университеттер Одағының V Бас Ассамблеясы өтті.
Жиынға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия елдеріндегі 32 университеттің ректорлары, ғалымдары мен студенттері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломаттар,  эксперттер, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты.
Мәжіліс Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Б. Әміреев, Бас хатшының орынбасары Ө. Кожаман, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің төрағасы М. Шимшек және университет ректоры Ж. Темірбекованың құттықтау сөзімен басталды.
Ассамблеяда сөз алған Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев жаһанды жаулаған пандемиядан кейін қайта бас қосқан жиын қатысушыларына сәттілік тілеп, шараның жалпы Түркі қоғамындағы маңызын тілге тиек етті.
«Түркістан – түркі цивилизациясының бесігі. Жыл сайын болатын жиын пандемияға байланысты біраз уақыт тоқтап қалды. Ал бүгін бүкіл түркі мемлекеттерінен университет ректорлары бас қосып отырмыз, білім саласындағы талқылаймыз, нәтижелі жиын болады деген сеніміміз мол», — деді Түрік Кеңесінің Бас хатшысы.


Бұдан әрі Түркі әлемі университеттер Одағының 2018 – 2021 жылдар кезеңінде төрағалық қызмет атқарған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Университет төрағалығы кезеңінде І Жас Көшбасшылар форумы, «Түркі әлемінің алтын бесігі –Түркістан» атты халықаралық жастар форумы , Халықаралық «Түркістан мемлекеттік басқару жазғы мектебі», Түркология ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен ІХ Түркология Конгресі және т.б айтулы шаралар өтті. Ассамблеяға жиналғандар атқарылған қарымды қызметке жоғары баға берді.


Жиын барысында «Орхун» ұтқырлық бағдарламасының мәселелері және оны дамытуға қатысты нақты қадамдар қарастырылды. Мүше университеттер бағдарлама аясында жүзеге асқан жобалар бойынша есеп берді. Сонымен қатар, мәжіліске қатысушылар Студенттік Кеңес тарапынан атқарылған іс-шараларды талқылап, 2021-2022 жылдарға арналған «Жол картасын» әзірлеу үшін ой-пікірімен бөлісті.
V Бас Ассамблея мәжілісінде Түркі әлемі университеттері Одағына бірқатар жоғары оқу орындары қосылды: Қазақстаннан — Семей медицина университеті; Әзірбайжан мемлекеттік Экономика университеті; Қырғызстаннан – Батырәлі Сыдықов атындағы Қырғыз-Өзбек халықаралық университеті, Өзбекстаннан –  Әлемдік экономика және дипломатия университеті, Ташкент мемлекеттік Шығыстану университеті, Әлішер Наваи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті, Қоқан университеті.


Шара соңында 2018 – 2021 жылдар аралығында артылған міндетті абыроймен атқарған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тағы бір жылға төрағалық қызметке қалдыруға шешім қабылданды.
Айта кетейік,  Кеңесі Түркі әлемі университеттер Одағы 2013 жылы құрылған. Қазіргі таңда Одаққа  Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия елдерінен 40-тан астам университет мүше.

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ТУРИСТІК АЙМАҚТАРҒА ҮШ АВТОМАТТЫ МЕТЕРОЛОГИЯЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТТЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.