Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдаған болатын.