Қорғаныс министрі өрттен зардап шеккен қойма аумағын қарап шықты. Оқиға орнында ол Төтенше жағдайлар министрімен және Жамбыл облысының әкімімен кеңес өткізді. Өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар үйлестірілді. Негізгі күш-жігер халықтың қауіпсіздігін 100% қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазартуға кірісті. Бөлімшелер қалыптық мина тартқышпен жабдықталған инженерлік және бронды транспортерлерді пайдалануда.
Әскери саперлер теміржол учаскесі мен жақын маңдағы елді мекендерге инженерлік барлау және тазалау жұмыстарын жүргізді.