• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ИНЖЕНЕРЛІК ОҚ-ДӘРІЛЕРҚОЙМАСЫНДА ОРЫН АЛҒАН ОҚИҒАҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕСІ

28.08.2021
0

2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты.

Өрттің алғашқы минуттарынан бастап дабыл бойынша әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары көтерілді, олар шынжыр табанды және дөңгелекті өрт сөндіру техникамен өртті оқшаулауға кірісті. Жамбыл облысы бойынша ТЖД-дан өрт сөндірушілер шақыртылды, деп хабарлайд ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға таралды.

Инженерлік оқ-дәрілер – бұл табиғи (жартастар, таулар), сол сияқты салынған (ғимараттар, құрылыстар) әртүрлі объектілерді бұзуға арналған құрылғылар. Оларды жаудың техникасы мен адам күшін жою үшін де қолдануға болады. Бұлар – зарядтар, фугастар жеке құрамға қарсы және танкке қарсы миналар, тротил және басқа да жарылғыш заттар.

Өртті оқшаулау мүмкін болмай ол басқа қоймаларға таралды. Өрт салдарынан инженерлік оқ-дәрілердің бірнеше жарылысы орын алды. Оқиға куәгерлерінің жазған видеоларында аспандағы қою түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың жануынан орын алуы ықтимал.

Инженерлік оқ-дәрілер қоймасының артиллериялық және реактивті оқ-дәрілер қоймасынан айырмашылығы онда снарядтар сақталмайды. Өрт пен жарылыс кезінде олар қатты соққы толқынын, ауқымды жалын мен дыбыстық дүмпулер тудырады. Алайда, оқ-дәрілердің ірі бөлшектері, фрагменттері мен қалдықтары жан-жаққа ұшқан жоқ.

19.15-тен бастап әскери қалашықтың 16 үйінің тұрғындарын эвакуациялау басталды. Содан кейін оқиға орнынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан 3 елді мекеннің тұрғындарын эвакуациялау ұйымдастырылды. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер Жамбыл облысының әскери бөлімдеріне жөнелтілді.

Қорғаныс министрлігінде арнайы комиссия құрылып, олар Қорғаныс министрінің басшылығымен Төтенше жағдайлар министрімен бірге әскери-көлік авиациясының ұшағымен 22.00 шамасында Жамбыл облысына ұшып кетті.

Оқиға орнында Қорғаныс министрінің, Төтенше жағдайлар министрінің, Жамбыл облысы әкімінің, мемлекеттік органдардың жедел штаб басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Оқиға салдарын жою бойынша барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қарулы Күштер бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар департаментінің, ішкі істердің, әкімдіктің, медициналық мекемелердің іс-қимылдары үйлестірілді.

Әскери қызметкерлер ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлімшелері арқылы қоймадағы жағдайды бақылауды, оқиға аймағын қоршауды ұйымдастырды. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысымен бірге бронды техникамен қойма аумағына кіріп, өрттің таралу динамикасы мен алғашқы салдарын тексерді.

Жамбыл облысы әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.

Уақыт өте келе жарылыстар тоқтады, алайда өрт жалғасуда. Сонымен қатар, бірқатар инженерлік оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар жанып, жарылыс, дүмпулер, ауқымды жалын мен қатты дыбыстық әсер тудыруы ықтимал.

Әскери бөлім мен инженерлік оқ-дәрілер қоймасы 1972 жылдан бері бар. Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін 2019 жылдан бастап осы қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі шығарылды. Бұл оқ-дәрілер қоймасында алыс қашықтықтағы іс-қимылға арналған снарядтар жоқ.

Инженерлік оқ-дәрілер қоймаларда сақталады. Онда жер асты қоймалары жоқ. Аталған әскери бөлімде оқ-дәрілердің басқа түрлері (артиллериялық, реактивті, зениттік, зымырандық, атыс) сақталмайды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.