Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша 50 адам Резервке алынады. Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды. Резервке алынған адамдар мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік, «Б» корпусының басшы және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматтары
Жоғары білімінің болуы
Жалпы еңбек өтілі – кемінде 5 жыл
Орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді білу
Алдымен pkrezerv.gov.kz сайты арқылы өтініш беріп, қажетті құжаттарды жинақтап жүктеңіз.
ҚАБІЛЕТТЕРДІ ТЕСТІЛЕУ (ВЕРБАЛДЫ) — Барлық қатысушылар
ҚАБІЛЕТТЕРДІ ТЕСТІЛЕУ (САНДЫҚ) — Ең көп балл жинаған кандидаттардың 50%-ы
ТЕСТІЛЕУДІ ВЕРИФИКАЦИЯЛАУ — 1000 кандидаттан артық емес
СИТУАЦИЯЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШУ — 500 кандидаттан артық емес
ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ АССЕССМЕНТ-ОРТАЛЫҚ — 250 кандидаттан артық емес
ҚҰЗЫРЕТТЕР БОЙЫНША СҰХБАТ — 125 кандидаттан артық емес
САРАПШЫЛЫҚ КОМИССИЯДА ӘҢГІМЕЛЕСУ — 100 кандидаттан артық емес
ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ — 65 кандидаттан артық емес
Кезеңдедің басым бөлігі онлайн режимінде өтеді. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі деп жоспарлануда.