• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ПЛЕНАРЛЫҚ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

20.08.2021
0

Қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң жүзеге асырылып келеді, педагогтердің еңбек жағдайлары жақсартылып, еңбекақысы артты. Мұғалімдерді өзіне тән емес функциялардан және тексерулерден босату бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында мәлімдеді.

2022 жылғы қаңтарда балабақша, мектеп және колледж педагогтерінің еңбекақысы тағы 25 пайызға артады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төрт жылда педагогтердің еңбекақысы 2 есе өседі. Бұл ретте білім беру саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа оқу жылынан бастап педагогтер жұмысқа конкурстық негізде қабылданатын болады.

«Егер бұрын-соңды педагогтерді жұмысқа директор қабылдаса, ендігі кезекте қабылдау нақты және біліктілік талаптары бойынша конкурс арқылы электрондық форматта өткізілетін болады», – деді министр Асхат Аймағамбетов.

Ведомство басшысы биылғы қыркүйектен бастап білім беру ұйымдары директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілетінін атап өтті.

«Бұл мәселе бойынша көп сұрақ болған еді. Бірқатар ұйым басшылары бір жерде 25 және 30 жыл жұмыс істейтін жағдайлар бар, дегенмен оның тиімділігі әрдайым жоғары бола бермейді. Жаңа жүйе басшылардың жұмыс сапасын арттырады деп ойлаймын», – деді Асхат Аймағамбетов.

Бұдан басқа, жаңа оқу жылынан бастап алғаш рет бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде директорларды ротациялау жүргізілетін болады. Білім беру ұйымдары басшыларын өңірлердегі білім басқармалары біліктілік талаптарына сәйкес ауыстыратын болады. Ведомство директорлардың еңбекақысын көтеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Карантин кезеңінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың рөлі, атап айтқанда IT-дағдыларды игерудің маңыздылығы едәуір арта түсті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан педагогтер мен студенттерге тегін курстар ұйымдастырады.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап жұмысқа алғаш рет педагог болып орналасып жатқан үміткерлер сертификаттаудан өтеді. Яғни, дипломнан басқа, мұғалім болып жұмыс істеу үшін «педагог» біліктілігін алу керек. Ол үшін Ұлттық біліктілік тестілеуінен өтіп, өзінің кәсіби дағдыларын көрсету қажет.

Сондай-ақ, министр соңғы жылдары талантты жастар арасынан педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсушілердің саны арта түскенін  ерекше атап өтті.

Айта кетейік, республикалық тамыз конференциясы 4 тамызда басталды. Екі апта ішінде 75 сессия өткізілді, оның ішінде 33 пәндік, 42 панельдік сессия. Тамыз конференциясының сессиялары онлайн-форматта өтіп, 100 мыңнан астам педагог қатысты, сонымен бірге 500-ден астам спикер сөз сөйледі. Әлеуметтік желілердегі пәндік сессиялар бойынша аудиторияның жалпы саны 400 мыңнан асты. Пәндік және панельдік сессиялар Facebook, Instagram және ҚР БҒМ, ведомствоның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың YouTube-арналарында көрсетілді.

Пәндік және панельдік сессияларға қатысушылар білім беру жүйесін дамыту, педагогтердің кәсібилігін жетілдіру, үздіксіз білім беру мәселелері, білім беру сапасын бағалау жүйесіндегі жаңа тәсілдер мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, білім беру жүйесіндегі цифрландыру трендтері, жаһандану жағдайындағы білім беру мазмұнын трансформациялау, оқуға құштар ұрпақты тәрбиелеудегі мектеп кітапханаларының рөлі және басқа да тақырыптар қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, педагогтердің тамыз конференциясының мақсаты – өткен оқу жылының қорытындысын шығару және жаңа оқу жылындағы білім мен ғылымның негізгі басымдықтарын анықтау.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.