• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жыл басынан бері ана мен баланы қолдау мақсатында МӘСҚ-тан 130 млрд теңгеден астам қаражат төленді

21.07.2021
0

Ағымдағы жылдың 6 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ана мен баланы қолдау үшін 130,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табыстан айырылу жағдайына МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін әйелдерге жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (бұдан әрі – еңбекке жарамсыздық парағы) негізінде тағайындалады. Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында осы біржолғы төлемді 114 633 болашақ ана жалпы сомасы 57,3 млрд теңгеге алды. Оның мөлшері соңғы 12 айдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленген табыстарға және еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында МӘСҚ-тан 459 217 алушыға жалпы сомасы 73,1 млрд теңгеге 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. Бұл төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішіндегі МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Заңнамада төлемнің ең төменгі мөлшері белгіленген – міндетті зейнетақы жарналарының осы сомасына қосымша аударумен 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ұқсас ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы деңгейінде. Төлемнің ең жоғары мөлшері – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40%-ынан аспайды, яғни 2021 жылы – 119 мың теңге. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік төлемдердің тағайындалған сомаларынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады. МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәсілдерінің бірі азаматтар мемлекеттік органдарға жүгінбейтін проактивті формат болып табылады. Мұндай жағдайларда әйелдің ұялы телефонына төлемдерді ресімдеуге қатысты sms-хабарлама келеді, соған келісім беру қажет. Проактивті қызмет көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі электрондық үкіметтің egov.kz порталында тіркелген, жұмыс орны бойынша еңбекке жарамсыздық парағын берген және декреттік демалысты ресімдеу туралы ақпараттық жүйелерден мәліметтер алынған, еңбекке жарамсыздық парағы берілген айдың алдындағы айда көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдар болған және банк шотының нөмірі көрсетілген жағдайда көрсетіледі. Сондай-ақ, баланың туу туралы куәлігін алғаннан кейін, электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеуге болады. Бұл ретте құжаттарды қағаз нысанында беруге ыңғайлы адамдар үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы өтініш берудің дәстүрлі тәсілдері де бар. МӘСҚ-тан төленетін барлық төлемдер туралы толық ақпаратпен www.gfss.kz интернет-ресурста танысуға болады.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Масаң күйде көлік жүргізген азамат жүргізуші куәлігімен қош айтысты. Енді 7 жылға дейін көлік тізгіндей алмайды. Оқиғаның мән-жайы былай. Қазір...

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте патрульдік полицейлер өрттің алдын алдв. Ташенов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қою түтінді байқап, оқиға орнына бірден жеткен. Олар...

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Жолдағы қауіпсіздік пен техниканың сақадай сай болуы – кез келген тапсырманы мінсіз орындаудың басты кепілі. Осы мақсатта Шымкент гарнизонында автокөліктердің...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

30 ОТБАСЫ ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР ИЕЛЕНДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Тұрғын үй кезегін жылдар бойы күткен 30 отбасы үшін бүгінгі күн жаңа өмірдің бастауы болды. Яғни, жалдамалы баспананың кілтін иеленді....

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ҚҰРМЕТ САПАРЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

“ Қарттарым – асыл қазынам” Жақындарынан алшақтап, өзге жандардан жылу көрген 70 қарттың жағдайы қалай? Оларға бүгінде қандай әлеуметтік көмек...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін үш маңызды сала бір жиында талқыланды. Неліктен санитариялық қызмет кез келген кәсіпкерді тексере...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.