ІІМ интернет желісінде, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орналастырылатын жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтайтын және пысықтайтын арнайы мониторингтік топтар құрды, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.
Мониторинг нәтижелері бойынша полиция осындай 46 жарнаманы анықтады, онда белгілі бір сомаға жалған вакцинация паспорттары немесе оң немесе теріс тест нәтижелері бар талдау нысандары ұсынылады. Осы ресурстарда Ресей Федерациясында, Украинада, Үндістанда және АҚШ аумағында сатылатын медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттары туралы хабарландырулар таратылады. Мысалы, Ресей Федерациясында жалған сертификаттар 7-20 мың рубльге, ПТР-тесттен өткені немесе антиденелердің болуы туралы анықтама 550-ден 4,5 мың рубльге дейін бағаланады. Үндістан бойынша вакцинация туралы сертификаттар бес мың рупийден (шамамен 30 мың теңге) ұсынылады. Сонымен қатар анықталған хабарландырулардан мамандар негізінен алдын ала төлем алуға бағытталған алаяқтық схемаларды жіті қадағалайды. Вакцинациялаудың 1-ші кезеңінен өткендігі туралы растау туралы хабарламаны алаяқтар мемлекеттік органдардың ресми ресурстарына жатпайтын бөгде пошта жәшіктерінен жібереді. Содан кейін олар 2-кезең үшін алдын-ала төлемді талап етеді, содан соң жоғалып кетеді. Бірқатар жарияланымдарды тексеру барысында алаяқтардың шетелдік банктердің карталарын қолданғанын анықталды. Ал “сатушылар” үнемі өзгеріп тұратын виртуалды телефон нөмірлерін жиі қолданады. Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзуға тырысады. Анықталған шетелдік ресурстар қазақстандық пайдаланушылардың қолжетімділігін бұғаттау үшін уәкілетті органға жібереді. Осыған байланысты ІІМ азаматтарға қылмыстық процеске қатысушы болуға жол бермеуге және туыстары мен жақындарын осындай әрекеттерден қорғауға шақырады.