• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

16 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН АШТЫ

14.07.2021
0

Қазақстандықтар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша 16 мыңнан астам білім беру депозиттерін ашты. Бүгінгі таңда білім беру жинақтау салымдарының жалпы сомасы 22,3 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін қазақстандықтар өздерінің немесе балаларының білім алуына ақшалай қаражат жинақтауы үшін «AQYL» білім беру жинақтау салымдары құрылды.

Осы жинақтаушы салым жүйесін қолдаудың басты артықшылығы 9%-ға дейінгі банктік сыйақыдан басқа, қазақстандықтардың салымдарына мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Бұл артықшылық халықтың әлеуметтік осал топтары үшін де қарастырылған.

«Мемлекет сыйлықақының жылдық мөлшері 5%-ды, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жинақталған соманың 7%-ын құрайды. Бұл ретте банктік сыйақы мен мемлекеттің сыйлықақысы капиталдандырылады, яғни негізгі салымға қосылады. «AQYL» білім беру жинақтау салымдары депозиттік нарықта ең жоғары кіріске ие екенін айта кеткен жөн. Осылайша, мемлекет ата-аналарға баланы оқытуға кететін шығындарды және отбасылық бюджетке түсетін жүктемені едәуір азайтуға көмектеседі», – деп хабарлады ҚР БҒМ.

Бұдан басқа, білім беру депозиті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған және мемлекет пен үшінші тұлғалар тарапынан да кез келген шектеулер мен өндіріп алулардан қорғалған. Бұл мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ашылған депозитке тыйым сала алмайтындығын білдіреді.

«Депозитті мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің серіктес банктерінде ашуға болады. Салымшы отбасылық бюджеттің мүмкіндіктері мен жүктемесіне байланысты салымды толықтырудың мөлшері мен жүйелілігін өзі анықтайды. Білім беру депозитін кассалар, интернет-банкинг,  сондай-ақ картадан жинақтаушы шотқа аудару арқылы толықтыруға болады. Бұл салымшылардың уақытын айтарлықтай үнемдейді», – деп нақтылады министрлікте.

Бала грантқа түскен жағдайда салымшы барлық қаражатты банк сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге шоттан алуға құқылы. Сондай-ақ ол қаражатты үшінші тұлғаның білім беру салымына аудара алады немесе магистратура бойынша оқуын төлеу үшін жинауды жалғастыруына болады.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында оқыту географиясына байланысты шектеулер жоқ. Яғни, жинақтарды қазақстандық колледждер мен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелде оқу ақысын төлеу үшін де пайдалануға болады. Техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға «AQYL» білім беру депозитін жасына қарамастан барлық қазақстандық аша алады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

67 КЕЛІ АЛЫП ГАМБУРГЕР ӘЗІРЛЕНДІ

67 КЕЛІ АЛЫП ГАМБУРГЕР ӘЗІРЛЕНДІ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Дәм мен думан бір алаңда! Шаһарда алғаш рет Street Food Fest - фестивальі өтті. Ашық аспан астында 50-ден астам асхана...

ЕРІКТІЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

ЕРІКТІЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Волонтерлік – жастар үшін өмір салтына айналып келеді. Бүгінде мегаполисте ЮНИСЕФ волонтерлер мектебі салтанатты түрде ашылды. Ауқымды жастар іс-шарасы қала...

БІР ЖОБА — БЕС ТІЛ

БІР ЖОБА — БЕС ТІЛ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Шаһарда 4 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Тілдер саябағы» жобасы биыл да өз мәресіне жетті. Екі ай бойы тұрғындар...

УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОС ЧЕМПИОНЫ

УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОС ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Шымкент халықаралық әуежайында кезекті мәрте жеңіс әні әуеледі. Универсиада чемпионатында ел абыройын асқақтатқан спортшыларды қарсы алу рәсімі өтіп, әуежай алаңы...

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Шымкент қаласында өзекті мәселелер жиі көтеріліп, кей тұста қатаң сынға ұшырап жатады. Оған себепте жоқ емес. Бүгінде балалардың жазғы демалысын...

ТҮНДЕ ЖҮРЕТІН БАЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ТҮНДЕ ЖҮРЕТІН БАЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Құрсай елді мекеніндегі Әл-Фараби атындағы мектепте «Қауіпсіз қала» тақырыбында кездесу өтті. Бұл шараға ата-аналар мен мұғалімдер қатысты.Себебі кәмелетке толмағандардың түнгі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.