• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қыркүйек 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАР 500 МЛН ТЕҢГЕ ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК АЛДЫ

28.06.2021
0

Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан отбасының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан ақсақалдарымен жүздесіп, күрделенген мәселелерді ортаға салды. Халық пен билік өкілдері бірқатар мәселені талқылап, алда келе жатқан ауыл әкімдерін сайлау туралы да сөз қозғады. Алғашқы тікелей сайлаудың ең алдымен халық үшін маңыздылығы айтылды. Киелі Түркістан қаласының жаңарған келбетіне куә болған ақсақалдар жасыл желекке бөленген жаңа шаһардағы сан түрлі субұрқақтар мен әсем ғимараттардың артқанын жарыса айтты.«Қазақ елінің маңдайына біткен Түркістанның көркеюі әрбір жан үшін өлшеусіз бақыт. Жаңа Түркістанды көрдік. Фонтанға қуанған балаларды көрдік. Киелі мекеннің ынтықтырған көркі мен қасиетті жерлерінің ажарлануына көктегі періштелердің өзі қуанғандай. Жақында өтетін ауыл әкімдерінің сайлауын абыроймен атқарып, ел қамын ойлайтын, халықтың жағдайын жақсартуға күш салатын азаматтарды таңдауға қуана атсалысамыз»,-деді Төлеби ауданының тұрғыны Әтірхан Шыңғысбаев. Облыс әкімінің ақсақалдармен кездесіп, жергілікті мәселелерді талқылауы дәстүрге айналды. Басқосу барысында карантин шаралары сақталуда. Кездесуде сөз алған ақсақалдар кез-келген туындаған жағдайды дер кезінде талқылап, шешімін табуға болатынын айтты.

«Өздеріңіздей ақсақалдар, көпті көрген қариялар елдің жағдайын біліп, шындықты, шынайылықты, болып жатқан тірлікті бүкпесіз ашық айтады. Әңгіме барысында елді алаңдатқан мәселелер айтылады. Сондықтан мен үшін ел ағаларының ой — пікірі өте маңызды. Жасалып жатқан істерге шынайы көзқарастарыңыз бен ақыл — кеңестеріңізге құлақ асамыз. Ардагерлер кеңесімен тығыз байланыстамыз. Мен үшін бұл қоғамдық ұйымның орны ерекше. Халықтың жағдайын сіздерден артық білетін жан жоқ деп ойлаймын. Алда келе жатқан ауыл әкімдерінің сайлауы ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқан саяси шара. Халық тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ»,- деді аудан ақсақалдарымен кездескен облыс әкімі.Облыс әкімі өңірлік «Қамқорлық» бағдарламасының барысын қадағалауды тапсырды. Түркістан облысында көмекке мұқтаж 2000-ға жуық отбасы бар. Демеушілер есебінен барлығына 500 млн.теңгеден астам қаражаттың көмегі берілді. Облыс бойынша осы бағдарлама аясында 52 отбасы баспаналы болды. «Қамқорлық» жобасы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Еңбекке қауқарлы азаматтарды жұмыспен қамтып, немесе жеке кәсібін дөңгелетуге жағдай жасалады. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалады. Бұл жоба барлық аудандарда өз жалғасын табады. Азық-түліктен бөлек, олардың тұрып жатқан үйінің бітпей тұрған тұстарына және айналасындағы тазалық жұмыстарына арнайы еріктілер тобы жұмылдырылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚЫСҚА ҚЫС – ЖЫЛЫ ҮЙ: ШЫМКЕНТ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?

ҚЫСҚА ҚЫС – ЖЫЛЫ ҮЙ: ШЫМКЕНТ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?

Айғақ медиа
16.09.2026
0

Жылу желілерін жаңғырту, апатты учаскелерді азайту және отын қорын қалыптастыру жұмыстары күшейтілді Қыс мезгілі жақындаған сайын кез келген қала үшін...

БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ – БАЯНДЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ – БАЯНДЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

Айғақ медиа
16.09.2026
0

Шымкентте отбасы құндылықтарын дәріптеп, өнегелі әулеттердің тағылымды тәжірибесін көпшілікке үлгі ететін «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды....

МЕКТЕП ҚУАТЫ АРТЫП, БІЛІМГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШЫЛУДА

МЕКТЕП ҚУАТЫ АРТЫП, БІЛІМГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШЫЛУДА

Айғақ медиа
16.09.2026
0

  Шымкентте білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Жаңа оқу жылына дайындық барысында мектептер күрделі жөндеуден өткізіліп,...

МӘМС ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРУДА

МӘМС ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРУДА

Айғақ медиа
16.09.2026
0

Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңі талқыланды. «МӘМС 2.0» аясындағы өзгерістер медициналық қызметтерді қаржыландырудың тиімділігін арттырып қана...

ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
16.09.2026
0

Шымкентте «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткінің заңсыз айналымы мен жарнамасына қарсы ауқымды акция өтті. «Шымкент – есірткісіз қала» іс-шарасына...

ӨСІММЕН БІРГЕ ӨРІСІ КЕҢЕЙГЕН ҚАЛА

ӨСІММЕН БІРГЕ ӨРІСІ КЕҢЕЙГЕН ҚАЛА

Айғақ медиа
16.09.2026
0

Шымкентте халық санының өсуі мен мегаполистің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына байланысты қалалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындарды баспанамен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.