• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 97 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

24.06.2021
0

Қазақстанда колледждерге құжат қабылдау 2021 жылдың 25 маусымында басталады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Қабылдау рәсімі жаңа ережелер бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар тегін білім алғысы келетіндер үшін квоталар тізімі кеңейтілді. Бұл жаңашылдықтар туралы ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтып берді.

Биыл педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болмайды. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы бойынша өткізіледі.

Бұдан басқа білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ «ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты негізінде гранттарды бөлудің жаңа тетігін әзірледі. Яғни, егер бұрын гранттар колледждер арасында бөлінген болса, енді олар талапкерлердің таңдауы бойынша беріледі. Мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылатын болады.

ТжКБ ұйымдарына қабылдау 25 маусымнан басталады. Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы немесе тікелей колледжге тапсыра алады.

Болашақ студенттердің 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдау құқығы бар. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндерден қойылған бағаның орташа конкурстық балы бойынша ақпараттық жүйе арқылы өткізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарда оқығысы келетін түлектер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырып, әңгімелесуден өтеді. Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды колледждер жанынан құрылған комиссиялар жүргізетін болады.

«Конкурс 2 кезеңге бөлінген. Бірінші 9-сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу 19-22 тамыз аралығында, ал, 11 сынып түлектері үшін 22-25 тамыз аралығында өтеді. Игерілмеген орындар болған жағдайда білім грантымен қамтылмаған талапкерлер арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетіне келеді. Колледждерге қабылдау 31 тамызда аяқталады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Бүгінгі таңда елімізде 795 колледж жұмыс істейді. Оның 454-і мемлекеттік оқу орындары. Гранттарды 435 мемлекеттік колледж және 170 жеке меншік колледж алады. 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 10 бағыт және 200-ден астам сұранысқа ие мамандықтар бойынша 97 мың орынға қалыптастырылған.

«Биыл квоталық санаттар тізімі кеңейтілді, енді квоталар 9 санат бойынша қарастырылады. Көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін 5%, мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балаларға 1%, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін 1% квота қосылды. Балдар тең болған жағдайда квоталық санат және аттестаттың орташа балы ескеріледі», – деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар биыл алғаш рет барлық түлектерге білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Диагностика түлектерге мамандық таңдауда көмектесуге арналған және ұсынымдық сипатқа ие.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ІСКЕР ӘЙЕЛ — ІРГЕЛІ ҚОҒАМ

ІСКЕР ӘЙЕЛ-ІРГЕЛІ ҚОҒАМ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Әйелге мүмкіндік беру — оның арманына қанат бітіріп, тұтас қоғамның дамуына серпін береді.Нәзік жандылардың бойындағы осы әлеуетті қолдап, жаңа қадамдарға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.