• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІНЕН СЕНІМ ГРАМОТАЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

12.06.2021
0

Ақорда резиденциясында төрт мемлекеттің жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. 

Іс-шара барысында Жапонияның елшісі Джун Ямада, Үндістанның елшісі Шубдаршини Трипати, сондай-ақ, Камбоджаның Қазақстандағы елшісі міндетін қоса атқарушы Ким Хенг Миэ және Шри-Ланканың Қазақстандағы елшісі міндетін қоса атқарушы Ламаванса Мигахаланде Дураге сенім грамоталарын табыстады.

Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың еліміздегі аса жауапты қызметтері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. 

– Біздің еліміз егемендігін алған уақыттан бері көпқырлы және халықаралық құқыққа негізделген теңгерімді сыртқы саясатын табысты жүргізіп келеді. Шығыс пен Батыстың ортасында стратегиялық аумақта орналасқан Қазақстан Еуразияға қатысты мәселелерде маңызды рөл атқарады, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік дипломаттарға Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттары, экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі қызметі, сондай-ақ, коронавирус пандемиясы мен климаттың өзгеруіне қарсы күресте қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы  өз сөзінде Жапония, Үндістан, Камбоджа және Шри-Ланка елдерімен арадағы ықпалдастық бағытындағы экономикалық мүмкіндіктердің перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

Президент Жапония Елшісімен сөйлескенде оның елі Қазақстанның негізгі саяси, сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

– Қазақстан экономикасы жоғары держава саналатын, сондай-ақ, технология, «жасыл» экономиканы дамыту, білім беру және әлеуметтік әділдік салалары бойынша үлгі болып келе жатқан Жапониямен арадағы ықпалдастықты нығайтуға баса мән береді. Былтыр Премьер-Министр Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлестік. Әңгімеміз жемісті болды. Менің шақыруым бойынша оның Қазақстанға жасайтын сапары жан-жақты серіктестіктің келешек жол картасын қабылдауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанмен арадағы ынтымақтастық туралы айта келе, екі елдің стратегиялық серіктестігіне жоғары баға берді.

– Сіздің еліңіз қарқынды дамып келе жатқан экономикалық орталық әрі маңызды жаһандық мемлекет ретінде қалыптасу жолында орасан зор жетістікке жетті. Премьер-Министр Модимен өте табысты келіссөз жүргіздік. Еліңіздегі және әлемдегі жағдайдың қалыпқа келуіне қарай Нью-Делиге сапармен бару мүмкіндігін тағатсыздана күтемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджамен өзара тығыз ықпалдастықты дамыту Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азия аймағында жүргізіп отырған сыртқы саясатының бір бөлігі екенін айтты.

– «Бір белдеу – бір жол» бастамасындағы Қазақстанның атқаратын маңызды рөлі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы АСЕАН мемлекеттерімен, соның ішінде, Камбоджамен арадағы қарым-қатынасты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер береді. Осы жылдың соңында өтетін «Азия – Еуропа» форумының 13-саммитіне табыс тілеймін, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Шри-Ланка арасындағы ынтымақтастық жөнінде айта келе, теңіздегі және өңірдегі тұрақтылықты сақтау үшін аралдағы мемлекеттің мәні зор екеніне назар аударды.

– Екі ел арасындағы өзара тығыз ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік мол, – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты шара соңында Президент дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі бұл жолы Әл-Фараби ауданында өтті. Қала басшысымен жүздесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерді ашық...

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін орындардың бірі – лагерь. Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайындағы «Қызық Life» жазғы...

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкенттегі ерекше бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Креатив хаб орталығында ұйымдастырылған кездесуде балаларға сыйлықтар табысталып, олардың...

ЖАҢА ОҚУ КОРПУСТАРЫ АШЫЛАДЫ

32 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкентте биыл мыңнан астам тұрғын баспаналы болады. Қалада 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1200-ден аса пәтер ел игілігіне беріледі. Қазір...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.